8 Наурыз көктем мерекесі қарсаңында құқық қорғау органдарында қызмет ететін қыз-келіншектер арасында өткен шаңғыдан жарыста полиция аға лейтенанты Лидия Логинова жеңіске жетті. Осылайша, ол СҚО Полиция департаментінің командасына ұпай санын қосты. Команда құрамында Лидиядан басқа тағы үш жігіт болды. «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 95 жылдығына арналған қысқы спартакиаданың шымылдығын шаңғыдан өткен жарыс ашты.
Жалпы 16 команда қатысты. Қыздарға 3 шақырым қашықтықты жүріп өту қажет болды. Лидия Логинова келесі жеңімпазды 2 минутқа артқа тастап, мәре сызығына 4 минут 12 секундта жетті. СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының 27 жасар қызметкерінің бұл алғашқы жеңісі емес. Былтырғы жылы Қазақстанның құқық қорғау органдары арасында өткен жарыста жеңіске жетіп, қысқы көпсайыстан спорт шеберлігіне үміткер атанды. Спортпен ол 7 жасынан айналысып келеді. 20 жылдың ішінде акробатикадан, коньки спортынан, шаңғы жарыстарынан жүлделері аз емес.
6637 әскери бөлімі командасындағы Оксана Бордай екінші болып мәре сызығына жетті. Үштікті ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтынан Анар Ештаева тұйықтады. Ерлер арасында қашықтықты 4 минут 30 секундта жүріп өтіп, Олег Гурский жеңіске жетті. Ол өзінің былтырғы жеңісін қайталады. Екінші орынды Ұлттық ұланы Әскери институтынан бірнеше мәрте жеңіске жеткен, спорт шеберінен үміткер Бақытжан Жангулин иеленсе, үшінші орынға ҚР ҰҰ Әскери институты дене шынықтыру ұжымының өкілі, ҚР спорт шебері Мақсат Нүсіпов иеленді.
Жалпы командалық есепте ҚР ҰҰ Әскери институтының командасы жүлделі бірінші орынға, екінші орынды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері бағындырды және үшінші орын 6637 әскери бөлімінің шаңғышыларына бұйырды. «Динамо» ДШСҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, кубоктар мен сыйлықтар тарту етті. Спортакиада бағдарламасындағы келесі спорт түрі - волейболдан жарыс 17-18 наурыз күндері өтеді.
Скорых Галина