СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері жыл басынан азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеумен байланысты 4 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Екі айдың ішінде СҚО-да тұрғылықты жері бойынша 4210 адам тіркеліп, 679 уақытша тіркеуге алынды, оның ішінде балалар да бар. 22 ақпаннан бастап көші-қон заңнамасындағы өзгерістер күшіне енді, сәйкесінше 14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды.
«Өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес он төрт жасқа толған ішкі көшіп-қонушыларға тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) ресімделеді». Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады», - дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов.
«Енді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жоғарыда көрсетілген Азаматтық кодекстің нормаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде баланың тұрғылықты жерін растау үшін олар балада тұрғылықты жері бойынша тіркеудің міндетті болуын екенін көздеген, ақпараттық жүйелерінен (ЖТ МДБ ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде) ата-аналарының біріне тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәлімет алуы тиіс», - дейді көші-қон қызметі.
СҚО ПД баспасөз қызметі