СҚО-да жыл басынан балаларының түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін 362 ата-ана жауапкершілікке тартылды

СҚО-да жыл басынан балаларының түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін 362 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан облыс полицейлерімен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша 69 рейд өткізілді. Полицияға есепке 28 жасөспірім қойылды. Көктемгі мерекелер қарсаңында аталған жұмыс жандандырылды.

Көшелер, аулалар, дәмханалар мен компьютер клубтары – қалалық ювеналдық полиция бөлімшесінің рейдтік топтары күнде кешке жастардың жиналатын жерлерін тексереді. Тәртіп сақшыларының басты міндеті – кәмелетке толмағандармен қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына және оларға қатысты жасалуына жол бермеу.

Жұмыс аптасының сейсенбілік кешіне қарамастан, рейдтің алғашқы үш сағаты ішінде қалалық ювеналдық полицейлермен түнде көшеде қыдырып жүрген 3 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары шақыртылып, барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бірінші ретке ескертумен шектелді.

«Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері профилактикалық рейдтік іс-шаралар күн сайын өткізіліп тұрады. Кәмелетке толмағандар анықталған жағдайда – ата-аналары шақыртылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 442-бабы бойынша ескерту түріндегі жазаға тартылады. Егер бір жыл ішінде жасөспірім қайта ұсталса, заңды өкіліне әкімшілік кодекстің 442-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 7 айлық есептік көрсеткіш түріндегі айыппұл салынады», - дейді Петропавл қ. Полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Эльмира Абушева.

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын криминал мен құқық бұзушылықты ескерту және жолын кесу бойынша жұмыс облыстық Полиция департаменті басшылығының ұдайы бақылауында. Жыл басынан жұмыстың аталған желісі бойынша 609 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, оның ішінде балаларының түнгі уақытта үйден тыс жерде және көңіл-көтеру орындарында жүргені үшін 362 заңды өкіл тартылды. Ювеналдық полиция рейдтерден басқа, тәрбиесі қиын балалардың ата-аналарын да ұдайы тексеріп отырады. Жыл басынан балаларын тиісті тәрбиелемегені үшін 162 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп тұратын 224 тұрмысы қолайсыз ата-ана есепте тұр. Жергілікті полиция қызметі басқармасы көктемгі мерекелер қарсаңында ювеналдық полиция қызметкерлерінің жұмысы жандандырылғанын хабарлайды.

Юрий Клыков, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы