
Солтүстікқазақстандық полицейлер «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізуде. 25 қарашада ел аумағында басталған акцияның басты мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және үйдегі тәртіп пен тыныштықты сақтау.
Облыс орталығында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 1200-ден астам отбасылық жанжалқой әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп саны алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жасалған. Құқық бұзушыларға қатысты 1000 қорғау ұйғарымы және мінез-құлыққа 210 ерекше талап қойылды. Жалпы, жыл басынан Петропавл қаласының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 20 қылмыс жасалды. Барлығы әйелдерге қатысты.
Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, учаскелік, патрульдік және ювеналдық полицейлер, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтардың қызметкерлері – облыстың ең ірі қаласындағы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына жергілікті полиция қызметінің барлық бөлімшелері қатысуда. Негізгі міндет – профилактикалық сипатта; полицейлер адам көп жиналатын орындарға барады, оларға құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік туралы еске сала отырып, үй-үйді аралайды, күнделікті өмірдегі созылмалы қақтығыстар ең ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Ақ лента акцияның негізгі символдарының бірі. Оны ұстаған адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне жол бермеуге және олардың алдын алуға міндеттеледі. Полицейлер акцияға қатысушыларға да ленталар табыс етті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мамандардың кеңестері мен қажетті көмегін 8 (7152) 49-31-58 (Петропавл қ. ПБ) және 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД) телефондары арқылы немесе 150 республикалық call-орталығына хабарласу арқылы алуына болады. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторына немесе «102» арнасына хабарласуға болады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО