Жыл басынан СҚО полицейлері есірткі сайттарының 179 сілтемесін бұғаттады

Жыл басынан СҚО полицейлері есірткі сайттарының 179 сілтемесін бұғаттады

СҚО полицейлері тыйым салынған заттарды саудалайтын ресурстарды анықтау үшін интернет-кеңестікке мониторинг жүргізеді. Бұғаттау мақсатында анықталған сілтемелер ҚР ІІМ-ге жіберіледі. Бұдан бөлек, есірткі сатушылар ақшалай сыйақыға, кейде бір доза үшін есірткіні жасырын жерге салып кетуге, сатуға, есірткі қылмыстарын жасауға дайын адамдарды тартуда. Бұндай хабарландыруларды да полицейлер бұғаттайды.

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бастығы полиция подполковнигі Иван Терзидидің айтуынша, жыл басынан есірткінің заңсыз айналымына байланысты 179 сілтеме бұғатталған. «Олардың 30-ы облыс тұрғындарына келіп түскен, - деп атап Иван Терзиди. – Адамдардың полицияға көмек көрсетіп, тыйым салынған заттарды таратуға қарсы күреске ат салысып жатқаны қуантады. Айта кететіні, қаңтар айынан Интернет-дүкендердің жарнамасы бар 53 есірткі граффитиі боялды, оның 15-і тұрғындардан келіп түскен. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез-келген ақпаратты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының 8 (7152) 39-41-93 сенім телефонына немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі upn_dp_sko аккаунтының direct-не, «102» арнасына хабарлауға болады».

Қаңтар айынан полицейлер жастармен 500-ден астам кездесу, дәріс, дөңгелек үстелдер өткізді. Іс-шараларда тәртіп сақшылары синтетикалық есірткілер психиканы, ағзаны басқа есірткілерден гөрі жылдам бұзатыны туралы айтуда. Сондай-ақ, есірткі сатқаны мен жарналамағаны үшін жазаның қатаңдатылғаны туралы да сөз қозғалады. Есірткіні тарату қылмысының төменгі сатысында тұрған есірткіні жасырын жерге салып кететіндер үшін де 10 жылдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Психбелсенді заттарды жарналамау мен насихаттауға 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жыл басынан СҚО-да есірткіні сатты деген күдікпен 35 адам ұсталды, 1-уі – жарнамалау фактісі бойынша. Заңсыз айналымнан 412 кг астам түрлі есірткі алынды, оның ішінде 2 кг. 259 гр. синтетикалық есірткі.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО