
СҚО полицейлері 38 жастағы Евгений Николаевич Дудиковті іздестіруде. Ол 8 қазан күні Петропавл қ. үйінен кетіп қалған. Ерекше белгілері: бойы 178 см., арықша келген, шашы қою сары, көзі – жасыл. Үстінде күләпарасы бар күртеше, көк кроссовки болған. Тәртіп сақшылары оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-(7152)-49-39-49, 49-30-74 телефондарына, 8-747-559-70-71 немесе «102» нөміріне хабарлауды сұрайды.
Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу - криминалдық полиция қызметкерлерінің жұмысындағы маңызды желілердің бірі болып табылады. Жедел уәкілдер орташа есеппен алғанда қоғамда өз орнын таппаған, алкогольдік ішімдіктерді ішуге әуес орта жастағы ер адамдар жоғалатынын атап өтті. Жағдайлардың төрттен бірінде кәмелетке толмағандар жоғалған. Бірер күн бұрын облыстағы бір аудан орталығында полицейлер 17 жастағы қызды іздеп тапқан, оның жоғалғаны туралы анасы жүгінген. Қызды іздеп табуға жергілікті тұрғындар көмектескен. Учаскелік инспектор WhatsApp-тағы чатқа іздестіру жөнінде хабарлама жіберген, чаттағы адамдар із-түзсіз жоғалғанды ауылдардың бірінде көргені туралы жазған. Қыз оқудың орнына таныстарымен уақыт өткізбекші болған.
«Халықтың бейжай қарамауы – полиция жұмысындағы маңызды факторлардың бірі және халықтың сенімін көрсетеді, - деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. – Жалпы жыл басынан облыста із-түзсіз жоғалғандар бойынша 442 өтініш келіп түскен, қазіргі уақытта 436 адамның жүрген жері анықталды. 121 жағдайда кәмелетке толмағандар жоғалған, олардың барлығы қысқа уақытта табылды».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО