
Соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан университетінің 21 түлегі өз өмірлерін полицияда қызмет етумен байланыстырды.
2020 жылы СҚО ПД мен СҚУ арасындағы дуалды оқыту бойынша серіктестік туралы Меморандум негізінде «Заңгер» клубы құрылды. Оның құрамында 3-4 курстардың 90 студенті бар. Жастармен тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер жұмыс істейді, заңнаманың қыр-сырын, полицей жұмысының ерекшелігін түсіндіреді. СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембиннің айтуынша, меморандумның мақсаты – болашақ заңгерлерді тергеу мен анықтау бөліністеріне жұмысқа тарту, мамандардың дайындығына жағдай жасау.
«Заңгер» клубындағы СҚУ-дың заңгер мамандығының 15 студенті жуырда облыста өткен ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың облыс халқымен кездесуі барысында Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовпен жүздесті. Полиция генерал-майоры жастарды ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды. Оның айтуынша, кез келген студент үшін жол ашық. Тергеу жұмысы заңгерлер үшін «өмір мектебі», ал азаматтық жоғары оқу орындары жастарға жан-жақты білім бере отыра, мансаптық өсуде зор мүмкіндік жасайды. «Біз, өз өмірін құқық қорғау органдарымен байланыстырғысы келетін жастарды қызметке қуана қабылдаймыз. Олар өте дұрыс таңдау жасайды деген ойдамын», - дейді Санжар Әділов.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО