
Соңғы кезде қала сыртындағы жолдарда жануарларды соғып кету деректері жиіледі. Жүргізушілер облыс жолдарында сібір еліктері жиі жолығатыны туралы атап өтті. Қызылжар мен М. Жұмабаев аудандарында жолда жануарларды соғып кету қаупі жоғары. Полицейлер жабайы аңдарды қағып кету фактілері түнгі уақытта Ресей Федерациясы шекарасына жақын Омбы қ. апаратын автожолдарда жиі орын алатынын атап өтті. Мәселен, 22 қараша күні шамамен сағат 13:00-де «JAC Sunray» автокөлігін тізгіндеген Қызылжар ауданының 60 жастағы тұрғыны «Ишим — Петропавл» автожолының 611 км-де жолда кенеттен пайда болған сібір елігін соғып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Көлік зақымдалды, елік қашып кеткен.
«Жалпы жыл басынан көліктер жануарлармен 38 рет соқтығысты, - деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Аталған жол-көлік оқиғаларында адамдар зардап шеккен жоқ, тек көлік құраларды зақымдалған. Жүргізушілерді қауіп туралы жолдарда орналастырылған жануарлардың 27 макеті ескертеді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері осындай оқиғалардың алдын алу және ауыл шаруашылық жануарларының еркін жайылуына жол бермеу бойынша жұмыс жүргізеді. Жыл басынан қаңғып жүрген мал үшін 4030 адам жауапкершілікке тартылды».
Полицейлер жүргізушілерге қараңғы кезде, елді мекендердің маңында, орман жақын орналасқан жол учаскелерінде аса сақ болуға және Жол жүрісі ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО