Халықаралық әйелдер күні қарсаңында полиция ардагерлеріне жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден аса сыйақы беріледі

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында полиция ардагерлеріне жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден аса сыйақы беріледі

СҚО Полиция департаментінің Ардагерлер кеңесі көктемгі мерекеге ерекше дайындалуда. Полиция ведомствосында 120 зейнеткер әйел есепте тұр. Олардың әрқайсысына Ардагерлер кеңесінен сыйақы беріліп, құттықтаулар айтылады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 3 жесірі мен 7 тыл еңбеккері ерекше құрметке ие. Олардың мекенжайлары Ардагерлер кеңесіндегі жас әріптестеріне жақсы таныс. Бұл жолы да оларды жылы лебіздер мен үлкен құрмет күтіп тұр. Ардагерлер есімдері мерекелік бұйрыққа да енгізілді. Роза Пламадяла, Күлбарам Бәкенова, Ольга Шматченко «Қажырлы еңбегі мен жеке үлесі үшін», Тамара Аникина, Валентина Окунева, Валентина Пахота «Қолдаушы» медальдарын алады. Оларға Полиция департаментінде жыл сайынғы дәстүр бойынша өткізілетін концертте үздік мерекелік нөмірлер арналады. Зейнеткерлер демалысқа шықса да белсенді өмірді ұстанады. Ведомствоның барлық іс-шараларына қатысады. Бес ардагер өз бөліністерінде тәлімгер ретінде қызметтерін жалғастыруда. Олардың бірі отставкадағы полиция подполковнигі Күлбарам Бәкенова. Отыз жылдық өтілі бар тергеуші 2015 жылдан бастап құрметті демалыста. Ол бір жылдан соң Петропавл қаласы Полиция басқармасындағы тергеу бөліміне аға нұсқаушы болып оралды. Міне 4 жыл бойы жас мамандарды тергеуші мамандығының қыр-сырына үйретіп келеді. Бұдан бөлек, Күлбарам Шеріқызы динамолық қозғалыстың барлық спорттық іс-шараларында ардагерлер намысын қорғап, департаменттің басқа да қоғамдық маңызға ие іс-шараларында қалт жібермейді.

СҚО Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеевтің айтуынша, мұндай қасиет полицияның барлық әйел ардагерлеріне тән. «Қызмет атқарған жылдары көп уақытын жұмыста өткізуді үйреніп алған, ұжымдарына әбден бауыр басып қалған офицер әйелдеріміз өздерінің бөліністерімен үнемі байланыста. Оларға кеңестерін айтып, қызметті мінсіз әрі сапалы атқаруға үйретеді», - дейді Сұраған Мырзахметұлы.

СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы