Петропавл полицейлері жыл басынан 66 баланы Қолдау орталығына орналастырды

Петропавл полицейлері жыл басынан 66 баланы Қолдау орталығына орналастырды

Полиция қызметкерлерінің қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды Қолдау орталығына орналастыруы – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданатын шұғыл шаралардың бірі. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан келіп түскен хабарлама бойынша ювеналдық полицейлер бұл орталыққа 9 бен 12 жастағы ұл мен қыз баланы жеткізді. Ащы суды асыра ішуге бейім олардың аналары үйден кетіп қалған, балаларын материалдық жағдайы онсыз да ауыр әпкесіне қалдырған. Қазіргі уақытта заңды өкілінсіз қалған балалар мамандардың бақылауында, тәртіп сақшылары аналарының жүрген жерін анықтауда. Барлық негіздер толық болса, әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

«Дәл сол күні ювеналдық полиция қызметкерлері тағы бір әйелдің ұлы мен қызын орналастырмақ болды. Аналары спирттік ішімдіктерді ішпейді, жұмысқа орналасуға ниет танытпаған, үлкен ұлының жалақысына өмір сүріп келген. Үйлері де қысқа дайын болмаған. Дей тұрғанымен, полицейлер келісімге келіп, балаларды бағып-қағуға дайын әжелеріне тапсырған, аналарына түзелуге уақыт берілді», - дейді Петропавл қ. Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садулов.

Жалпы жыл басынан Петропавл қаласының ювеналдық полицейлері өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығына 66 рет жеткізген, себебі олардың заңды өкілдері тиісті жағдайды қамтамасыз етпеген. Бұндай шараны қолданбас үшін тәртіп сақшылары тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтау үшін үй-үйді аралап, есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен ата-аналарды тексереді. Профилактикалық жұмыс Петропавл қаласы әкімдігінің қамқоршылық және қорғаншылық секторымен және мектеп әкімшілігімен бірлесе жүргізіледі.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО