
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Қанат Айтбаев тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған полиция полковнигі Думан Таев ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына ауысты.
СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев жиналыс өткізіп, жеке құрамға бірінші орынбасарды таныстырды. Ол Қанат Айтбаевтың тәжірибесінің молдығын атап өтіп, оның жоғары кәсіби шеберлігі барлық жетекшілік ететін қызметтерінде жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Қанат Киікбайұлы ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау облысы ІІБ уақытша ұстау изоляторының милиционері болып бастаған. Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ учаскелік полиция инспекторы, жедел уәкілі қызметін атқарған. Жедел уәкілден бастап Солтүстік Қазақстан облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығына дейінгі жолдан өткен Қанат Айтбаевтың мол тәжірибесі жедел бөліністердің басшылық лауазымдарына тағайындауға септігін тигізді. Түрлі жылдары Айыртау ауданы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімдерін, сонымен қатар Петропавл қ. Ішкі істер басқармасын басқарды. 2016 - 2018 жылдары жергілікті полиция қызметінің жұмысына жетекшілік етті. 2018 жылдан бастап СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.
СҚО ПД баспасөз қызметі