Жыл басынан СҚО полицейлері 1000-нан астам мас жүргізушіні ұстады

Жыл басынан СҚО полицейлері 1000-нан астам мас жүргізушіні ұстады

21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық алу іс-шарасы басталды. Елді мекендердің көшелерінде, қала сыртындағы автожолдарда күшейтілген тексерулер жүргізіледі. Апаттылыққа тікелей әсер ететін жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын анықтау – полицейлердің ерекше назарында. Көбінесе жолдың қарсы бөлігіне шығу, жылдамдықты арттыру, маневр жасау ережелері мен қиылыстардан өту ережелерін бұзу, жаяу жол бермеу – жол-көлік оқиғаларының себептері болып табылады. Көлік құралын мас күйде басқару фактілері ерекше қауіп төндіреді.

«Солтүстік Қазақстан облысында климат өзгеше болғандықтан, мұнда Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау өте маңызды. Бұны жүргізушілер естерінен шығармауы тиіс», — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Қазіргі уақытта қараша айының басынан бері облыста 39 жол-көлік оқиғасы орын алып, 4 адам қаза тапты, 96 адам жарақат алды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден заңнама талаптарын сақтауды, жол үстінде сақ болуды сұраймыз».

Жыл басынан облыста 1041 мас жүргізуші ұсталды. Жол жүрісі қағидаларының 60 мыңнан астам түрлі бұзушылығы тіркелді. Ең өрескел бұзушылықтар: 9 мыңнан астамы жылдамдықты асыру, 3,5 мыңға жуығы қиылыстардан өту ережелерін бұзу, 700-ден астамы маневр жасау ережелерін бұзу бойынша, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 800-ге тарта бұзушылығы тіркелді. Жаяу жүргіншілер жол жүрісі қағидаларын 5,5 мыңнан астам рет бұзған.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО