Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған кездесуге 300-ден аса ерікті қатысты. Полицейлер мен жұртшылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылды талқылады. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды – «Еріктілер жылы» деп жариялады. Облысымызда еріктілердің белсенділігі артып отырғаны қуантарлық жағдай, өңірімізде құқықтық тәртіпті сақтауға көмек қолдарын созуда. Былтырғы жылдың өзінде облыс мектептері мен колледждерінің 37 мыңнан аса оқушысы құқық бұзушылық профилактикасына тартылды», - деді кездесуді ашқан СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, өңірде құқық қорғау бағытында қалыптасқан 224 қоғамдық құрылымдар отряды бар, бұл 644 адамды құрайды. Оның ішінде 5 студенттік отряд, 123 жұртшылық кеңесі және 12 ұйым өкілдері. Соңғы жылдары олардың қатысуымен 3 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Биыл полицейлер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге еріктілерді тартуды жоспарлап отыр. Оларға арнап жилеттердің, бейсболка және шарф үлгілері әзірленді.
Бүгінгі күні еріктілердің өкілдері із-түссіз жоғалғандарды іздеуге белсенді ат салысуда. Олар былтыр 13 адамның жүрген жерін анықтады. Сонымен қатар, олардың белсенділіктері нашақорлықтың алдын алуда да байқалуда. Тек еріктілердің қатысуымен соңғы жылдардың ішінде 400-ден аса наркографитти боялды. Есірткіге қарсы иммунитетті нығайтуға бағытталған түрлі акцияларды өткізу кезінде полицейлерге еріктілер көмектерін аямайды.
Кездесуді ұйымдастырушылар қауіпсіздікке және адамдардың тыныштығына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және оның салдарын жоюға қатысты маңызды ақпарат анықтауда барынша еріктілерді тарту жоспарда бар екенін атап өтті. Кездесу соңында WhatsApp-та чат ашылды. Оның көмегімен ақпарат алмасып, белсенді түрде бірлескен шаралар қабылдамақшы. Еріктілермен өткізілген соңғы іс-шараларды қорытындылай келе, Полиция департаменті еріктілер отрядының жетекшілерін марапаттады.
Іс-шараның Алғыс айту күні қарсаңында өтуі кездейсоқ емес. Залда отырған 320 еріктінің атынан «Поиск» отрядының жетекшісі Евгений Соловьев полицейлерге қолдау көрсеткендері және сенім артқандары үшін алғыс білдірді. Ол кездесу еріктілер қозғалысын жаңа деңгейге көтере отыра, өзара қарым-қатынас жасауға қосымша серпін береді деп есептейді.
Динара Сағындықова, СҚО ПД баспасөз қызметі