Су тасқыны болуы ықтимал кезеңде аудандық полицияның автопаркі жаңа көліктермен толықты

Су тасқыны болуы ықтимал кезеңде аудандық полицияның автопаркі жаңа көліктермен толықты

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев полицейлердің су тасқынына қарсы дайындығын тексергендердің ішіндегі алғашқысы Тайынша ауданы болды. Бұл ауданда қатты су тасқыны соңғы рет 2016 жылы орын алған. Сол кездері қызыл судан Донецкое, Келлеровка ауылдары тұрғындарының үйлері мен мүліктері қатты зардап шеккен. Полицейлер ТЖ қызметкерлерімен бірлесіп, бастан аяқ табиғи апаттың белең алған учаскелерінде болған.

Биылғы жылы да судың көп жиналуы күтілуде. Тайынша ауданының әкімі Иван Турковтың қатысуымен облыстық полиция бастығы Марат Төлебаев аудандық полицейлердің материалдық-техникалық жабдықталуын тексеріп, жедел жағдайды, сондай-ақ су басу қаупі бар елді мекендердегі жағдайды зерделеді.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы жеке құрамды төтенше жағдайларды ескертуге және күш пен құралдардың іс-әрекеттерін жұмылдыруға бағдарлады. «Учаскелік полиция инспекторлары халықты су тасқынының салдары жайлы уақтылы ақпараттандыру және азаматтар мен олардың мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жан-жақты шараларды жедел қабылдау қажет. Бастысы адам шығынына, тонаушылыққа және қоғамдық қауіпсіздікті бұзушылықтарға жол бермеу», - деді Марат Төлебаев.

Аудандық полиция автопаркін нығайту мақсатында аудан әкімі Иван Турков орталық алаңда салтанатты түрде тәртіп сақшыларына екі жаңа автомашинаның кілтін табыс етті. «Нива» автокөлігінің кілті Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Сайран Жапаровқа, екінші кілт Чермошнянский ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ерлан Ыбыраевқа табысталды. Өткен жылы дәл осы ержүрек полицей өртеніп үйден адамды аман алып шыққаны үшін Қазақстан Республикасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерлігі үшін» медалін алды.

Тайынша ауданы – Солтүстік Қазақстан облысындағы көлемі жағынан ең ірі аудандардың бірі. Оның құрамына 18 ауылдық округ пен Тайынша қаласы кіреді. Аудан халқының саны 43 мыңнан асады.

Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметі