Полицейлер көктемнің алғашқы күнін қайырымдылық жасаумен бастады

Полицейлер көктемнің алғашқы күнін қайырымдылық жасаумен бастады

Алғыс айту күні қарсаңында полиция офицерлері көмекке, қолдауға мұқтаж жерлестеріне қол ұшын беруді ұйғарды. Қызмет барысында полицейлер түрлі жастағы, түрлі әлеуметтік топтағы адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сондықтан, кейбір себептермен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар жайлы басқаларға қарағанда, полицейлер жақсы біледі.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқарамасының қызметкерлері Петропавл қ. Заречный кентіндегі отбасына барды. Отбасында алты кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде: үлкені колледжде оқыса, ең кішісі – үш жаста. СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах және аға инспектор полиция майоры Сайран Сәркенов балалармен, ата-аналарымен әңгімелесті, аса қамқорлықпен жиналған азық-түлік пакетін табыстады. Сондай-ақ, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқарамасының қызметкерлері 3-ші Кирпичный қысқа көшесі мекенжайында тұратын көпбалалы отбасында да болып қайтты. Бұл отбасында да алты бала тәрбиеленуде.

Облыстық ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері де Алғыс айту күні қарсаңында ішкі істер органдарының ардагері – отставкадағы милиция полковнигі Геннадий Иванович Васильевке сыйлықпен қонаққа барды.

Геннадий Иванович эксперттік-криминалистикалық қызметтің құрметті ардагері, басшы лауазымдарда қызмет атқарды. Ардагер көрсеткен қамқорлықтары үшін полицейлерге зор алғысын білдірді, жанына жақын бөлініс қызметкерлерімен көпжылдық тәжірибесімен бөлісті.

СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың сөзінше, Алғыс айту күні қарсаңындағы «Жылулық сыйла» ұранымен қайырымдылық іс-шарасы 10 ақпан бастау алған.

Акцияны облыстық Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ қалалық, аудандық полиция бөліністері де қолдады. Басты мақсат – жылылық сыйлау, мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсету.

Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметі