СҚО-да полиция қатарында 18 ұлт өкілі қызмет етеді

СҚО-да полиция қатарында 18 ұлт өкілі қызмет етеді

СҚО Полиция департаментінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын өтті. Үлкен акт залында басшылық пен жеке құрам, ІІО ардагерлері мен меймандар бас қосты. Отбасылық тарих туралы естеліктерде көп ұлтты еліміздің басынан кешкен қиын кезеңдері, қазақ халқының қонақжайлығы арқасында мыңдаған адам тағдырының құтқарылғандығы жайлы сөз қозғалды. СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев мерекенің жас қызметкерлерге берер тәрбиелік маңызын атап өтті.

«Өз тарихынды ұмытпа әрі мақтан тұт — бұл мерекенің негізгі түйінінің бірі. Алғыс айту күні — мейірімділіктің жарқын мерекесі, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген шынайы достығы мен сезімі. Департаментте 18-ден астам ұлт өкілі қызмет ететіні бізді қуантады...».
Меймандардың бірі – диірмен қызметкері әрі полицейдің әкесі Садык Аллахверанов әзірбайжандардың қоныс аудару кезіндегі ауыртпалығы туралы, бейтаныс мекеннің туған өлкеге қалай айналғанын айтып берді: «Атам молда болған, оның бар мүлігін тәркілеп әкеткен. Қазақстанға сегіз баласымен келген. Бастапқы кезде жер кепеде тұрыпты. Қазақтар қолынан келгенінше көмек көрсетіп, қыстап шығу үшін әзірбайжан балаларына үйлерінен орын берген. Көктемде жер аударып жіберілгендер өздеріне жаңа баспана сала бастады. Уақыт өтіп, осы жерде менің әкем мен анам шаңырақ көтерді...». Садык Аллахверанов полицияда қызмет ететін ұлы Эльдарды мақтан тұтады. Бүгінде ол Қызылжар ауданының Соколовка с. поселкелік полиция пунктін басқарады. Айта кететіні, аталған полиция бөлінісі Солтүстік Қазақстанға тән интернационал ұжымның үлгісі. Бұл жерде әзірбайжан мен шешен, неміс пен орыс қазақтармен иық тіресе қызмет атқарады. Өткен аптада ұжым ұлты татар тәлімгермен толықты...

Сол күні полиция ведомствосына келген қонақтар құттықтаулармен қатар, өзара белсенді іс-қимыл жасағаны, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге, ұлтаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Алғыстың қадірін жақсы түсінгендіктен, келе жатқан мереке тәртіп сақшылары үшін аса маңызды. Бұл – ауыр еңбек пен тәуекелге бел буған сәттерге берілген баға. Биылғы жылдың өзінде қар басқан облыс жолдарында көмекке келген полицейлерге төрт жүргізуші алғыс білдіріп хат жолдаған. Ондаған адам әлеуметтік желілерде посттар мен роликтар жариялады. Патрульдік полиция батальоны экипаждарының біріне Саумалкөл ауылының тұрғыны балаларын өрттен құтқарғаны үшін алғыс білдірген.

Соңғы келген хаттардың бірінде қала тұрғыны ЖКО жасап, оқиға орнынан ізін суытпақ болған құқық бұзушыны ұстауға көмектесіп, үйлесімді жұмыс атқарған Жедел басқару орталығының қызметкерлеріне алғыс білдірген. Полицейлер үшін жүректен шыққан шынайы ризашылықтың өзі маңызды, жылы лебіздер күнделікті қайнаған қызметте демеу болады. Еліміздің өткені үшін мақтаныш сезімін тудыратын мерекелер ата-бабаларымызға қарап бой түзеуге және алдағы уақытта халық пен мемлекетке қызмет етуге жетелейді.

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметі