
Солтүстік Қазақстан облысында 9 қарашада бүкіл ел аумағында басталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Патрульдік полиция, учаскелік полицейлер және басқа да бөліністердің қызметкерлері қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға барынша бағдарланған.
Екі күн ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер мыңнан астам үйлерді, саяжайлар мен қараусыз қалған ғимараттарды аралап шықты, 200-ге жуық жалдамалы пәтер тексерілді. Профилактикалық есепте тұрған 1330-дан астам адам, оның ішінде 164 қолайсыз отбасы тексерілді. Жалпы, мыңға жуық түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың басым бөлігі – тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру, мұндай 222 факті тіркелді. Бұдан бөлек, полицейлер алкогольді ішімдіктерді ішудің және қоғамдық орындарда мас күйде жүрудің 199, ұсақ бұзақылықтың 88 фактісін тіркеді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше мән берілді. Іс-шара шеңберінде ең көп бұзушылықтар жаяу жүргіншілер тарапынан анықталды, екі күнде 180 бұзушылық. Жылдамдықты асырудың 58 фактісі тіркелді. Тек соңғы тәулікте облыс жолдарында 5 мас жүргізуші ұсталды, жалпы екі күнде – 11.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, көлік тәртібінің сақталуын бақылау күшейтілетін болады. Аймақтағы ауа райы да өзгеруде. Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден барлық ережелерді мүмкіндігінше қатаң сақтауды сұрайды. Сонымен қатар, мал иелері де жануарларын бақылауы тиіс, әсіресе көлік қозғалысы көп жолдарда мен теміржолдардың жанында еркін жайылымға жол бермеуі қажет.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО