
9 қарашаға қараған түні «Жезқазған - Петропавл» автожолының 949 шақырымында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушісі «Солға бұрылу» жол белгісінің талабын бұзған «Volkswagen» автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші, Петропавл қ. 36 жастағы тұрғынында сақтандыру полисі жоғы анықталды. Полицейлер одан әрі тексеру кезінде жүксалғыштан 12 пышақ салынған сөмке табылды. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы қасапшы екендерін айтты. Пышақтар алынып, сараптамаға жіберілді. Егер сараптама нәтижесі бойынша осы пышақтар суық қару деп танылса, ер адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Аталған факті СҚО аумағында бастау алған Құқықтық тәртіп» ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде анықталды. Жолдарды тексеру, есепте тұрған адамдарды аралау, көші-қон заңнамасын сақтау – ЖПІШ шеңберінде заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне тікелей әсер ететін бағыттар бойынша барлық полиция бөліністерінің жұмысы күшейтілді. ЖПІШ алғашқы күнінде полицейлер 650 астам есепте тұрған адамды, 400-ге жуық қараусыз қалған үйді, 100 тарта жалға берілетін пәтерді тексерді.
«Күшейтілген тексеріс нәтижесінде іздеуде жүрген 4 адамды ұстау мүмкін болды, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. — Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 99 фактісі, тұрмыс саласында 26 құқық бұзушылық, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаудың 15 жағдайы, қорғау ұйғарымын бұзудың 4 фактісі анықталды. Масаң күйде болған 6 жүргізуші ұсталды».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО