«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында СҚО табиғатты қорғау полицейлері 8 қылмысты ашты

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында СҚО табиғатты қорғау полицейлері 8 қылмысты ашты

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен 20 қазаннан бері 8 қылмыс өндіріс қозғалды. Қазір облыста «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Полицейлер мен қорықшылардың бірлескен рейдтері күшейтілген түрде жұмыс істеуде. ЖПІШ басталғаннан бері 247 аң аулау ережесін бұзу анықталды. Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көп жағдайда аңшылар қаруды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтай бермейді, себебі қару оқталмаған, бөлшектелген және қорапқа салынған күйі тасымалдануы тиіс. Тағы бір жиі кездесетін бұзушылық – масаң күйде аң аулау болып табылады. Полицейлер бұл оқыс оқиғаға әкелуі мүмкіндігін, сонымен қатар қатаң түрде бұған жол берілмеу тиістігін атап көрсетуде.

СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Асхат Қожабаевтың айтуынша, «Браконьер» ЖПІШ барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзумен байланысты қылмыстардың жолын кесу мен «ізін суытпай» ашуға ерекше көңіл бөлінеді. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес заңсыз аң аулау ірі мөлшердегі айыппұлдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін естен шығармаған жөн.

Мысалы, бір жыл бұрын қараша айында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында елік атқан Ақмола облысының үш тұрғыны бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кететін болсақ, үшеуі де алкогольдік масаң күйде болған, рейдке шыққан полиция қызметкерлерінен жалтармақ болған сәтте ЖКО жасаған. Сот үкіміне сәйкес, бас бостандығынан айырудан бөлек, фигуранттарға келесі 5 жылда аң аулаумен айналысуға тыйым салынды.

Бүгінгі таңда ЖПІШ барысында СҚО полицейлері «Artemia salina» шаянын заңсыз аулаудың 3 фактісін анықтап, жолын кесті, 4 елік пен 1 бұланды ату фактісі бойынша заңсыз аң аулаудың 5 жағдайы тіркелді.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО