СҚО-да 10 айдың ішінде есірткі қылмысын жасаған 30 адам сот үкіміне кесілді

СҚО-да 10 айдың ішінде  есірткі қылмысын жасаған 30 адам сот үкіміне кесілді

Оңай олжаға кеңелу мақсаты жастардың тағдырын талқандауда. Жыл басынан СҚО-да ауыр және аса ауыр есірткі қылмысын жасағаны үшін 30 адам бас бостандығынан айырылды, олардың ішіндегі 20-сының жасы 25-ке де толмайды. Жуырда Петропавлдың 24 жастағы екі тұрғынына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Олардың біреуінің қылмыстық әрекеті бір айға жуық жалғасқан. Ұстау кезінде полицейлер одан тұрғылықты жері бойынша «тұз» атауымен белгілі 17 түйіншекке салынған синтетикалық есірткіні тәркіледі. Ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, апелляцияға жүгінгенімен сот үкімін өзгерткен жоқ.

Екіншісінен «тұз» салынған 174 түйіншек тәркіленді, ол кінәсін бірден мойындады. «Жеткізушілерді» жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды ол интернеттен көрген. Төленетін елеулі қаражатты ескеріп, тыйым салынған заттарды таратуға келіскен. Алайда, 2,5 ай бойы «жұмыс» істеп, үлкен табысқа қол жеткізбеген, бұл әрекеті тек 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соқты.

«Кейбір жас жігіттер қылмыстық жауапкершілікке тек «есірткіні салып кетушілер» ғана тартылады деп ойлайды, - дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Олар интернетте есірткі сататын дүкендерді ашып, синтетикалық есірткілерді жасаумен айналысады. Ағымдағы жылы облыста осындай интернет-дүкендерді ұйымдастырғаны үшін 7 адам сотталды».

Полицейлер жастарды қылмыстық әрекеттің салдарын ескеріп, жеңіл табыс үшін тағдырларын талқандамауға шақырады. Синтетикалық есірткілер дене және психикалық денсаулықты басқа есірткілермен салыстырғанда жылдам бұзады. Жыл басынан СҚО-да полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымының 204 фактісін анықтады, оның ішіндегі 70-сі сату фактісі. 411 кг түрлі есірткі тәркіленді, оның 2 кг 200 грамы синтетикалық есірткі болып табылады.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО