
Патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар демалыс күндерін күшейтілген жұмыс режимінде өткізді: тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етті, қоғамдық тәртіпті сақтады. Екі демалыс күнінде облыс жолдарында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 6 адам зардап шекті. Бұдан бөлек, «102» пультіне адамдар зардап шекпеген жол-көлік оқиғалары туралы 20-ға жуық қоңырау келіп түсті.
Жұмадан сенбіге қараған түні қалың қар жауып тұрған кезде Петропавл айналма жолында Өскемен қаласына бет алып бара жатқан 54 жастағы жүргізушінің басқауындағы антифриз тиелген DAF маркалы ауыр жүк көлігі жолдан шығып кетті. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер жоқ, бұл факті бойынша полицияға ешкім жүгінбеді. Кюветтегі фураны байқап қалған Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көмектерін ұсынды. Алайда жүргізуші алғысын білдіріп, өз күштерімен шығарып аатынын айтты.
Ал, күндіз Назарбаев пен Интернациональная көшелерінің қиылысында «Škoda Rapid» пен «Chevrolet» автомашиналары соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Chevrolet» автокөлігі тротуарда тұрған 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес екі жүргізуші де мас емес. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған іс материалдары қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізу және тиісті шешім қабылдау үшін қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.
«Ауа-райының нашарлауына, температураның төмендеуіне, жауын-шашынның түсуіне және мұздың пайда болуына байланысты жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, автошиналарды уақтылы ауыстыру және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыру қажет. Әсіресе, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау. Тайғақ және қарлы жолмен жүру ережелерін сақтау сіздің көлігіңіздің тұтастығын ғана емес, сонымен қатар қозғалыстың барлық қатысушыларының денсаулығы мен өмірін де сақтайды. Тайғанақ және қарлы жолдардағы жүру қағидаларын ұстану сіздің көлігіңізді ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының барлық қатысушыларының денсаулығы мен өмірін сақтайды», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.
11 айда СҚО жолдарында 258 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 42 адам қайтыс болды, 365 адам жарақаттар алды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО