
СҚО ПД аппаратының жедел және тергеу бөліністерінің қызметкерлері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бағдарламалар офисінің өкілдерімен кездесті. Департамент қонақтары әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесші Ярослав Курек және кеңесші Эльмира Хисамутдинова болды. Олар киберқылмысқа қарсы күресте ҚР-ны қолдау жөніндегі жоба туралы айтып берді. СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың төрағалығымен өткен кездесу барысында полиция қызметкерлері тәжірибелерімен және тәжірибеде әзірленген ұсыныстармен бөлісті.
«Солтүстік Қазақстанның тәжірибесін ескере отырып, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бірінші орында тұр, - деді полиция полковнигі Руслан Назаров. - 10 ай ішінде облыста осындай 649 қылмыс тіркелді, кем дегенде үштен бір жағдайда күдіктілер шетелде болған. Сондықтан ең өзекті мәселелердің бірі — мемлекетаралық деңгейде өзара іс-қимылды оңтайландыру. Алайда, киберқылмыс ұғымы желідегі алаяқтықпен шектелмейді. Жоба аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың барлық түрлерін ашу және алдын алу бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға дайындық жасау жоспарланып отыр».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО