
Алаяқтардан сақтанудың ең тиімді амалы – қырағылық таныту. Полицейлер интернет-алаяқтықтың белең алуына қарамастан, аса сенімділік танытып, киберкеңістіктен тыс қаржылай шығынға ұшырап жатқандары қаншама дейді. Тіпті жақын адамдардың өзі қаскөйге айналып жатады.
Петропавлдың 24 жасар тұрғыны 2018 жылдан бері түрлі сылтау айтып өз таныстарынан ақша алып келген. Біреуінен шетел банкінде қомақты қаражаты барын, ол ақшаны шешу үшін міндетті төлем мен пеня төлеу қажет екендігін айтып, қарыз алған. Келесі біреуінен автомашинасын жөндеуге, кейін басқасын алуға, оны қайта тіркеуге қарызға ақша сұраған. Тіпті танысының бірінің банк реквизиттерін және қосымшасының құпия сөзін алған, бұл алаяқтың несие ресімдеуіне мүмкіндік берген. 2021 жылы тағы бір танысынан туысын жерлеу рәсіміне деп ақша сұраған. Алаяқ барлығы жеті адамды алдаған. Келтірілген зиян сомасы 7 миллионнан асады.
«Тергеу барысында қаскөй алаяқтық жолмен тапқан ақшасын құмар ойынға жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Нұржан Омаров. – Ойнаған сайын, қарызы көбейе түскен, бұл оны жақын таныстарының қаржылай және құқықтық сауатсыздықтарын пайдаланып, қарыз алдаудың жаңа айла-амалдарын ойластыруға итермелеген. Қазіргі уақытта ол 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуде. Қаржы мәселесіне келгенде аса абай болуға кеңес береміз, құпия деректеріңізді ешкіммен бөліспеңіздер».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО