
Петропавлдықтар интернет-алаяқтықтың ықтимал жаңа түрі – белгілі бір айыппұлдың келгені туралы хабарламаның сурет-скриншотын WhatsApp мессенджерінде бір-біріне жіберуде. Жіберуші – «Police_Pvl». СҚО Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді.
«Мұндай ресми мекенжай жоқ», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Виталий Подчернин. – Сондықтан сақ болу керек. Айыппұлдың болуы немесе болмауы туралы ресми арналар арқылы білуге болады: ҚР электрондық үкіметінің 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу немесе полицияға хабарласу. Ешқашан күмәнді көрінетін сілтемелерді басып кірмеу керек: құрылғыны қауіпті вируспен жұқтыру қаупі бар, бұл қаскөйлерге сіздің құпия ақпаратыңызға және банктік шоттарыңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді».
СҚО полициясында «айыппұлдармен» байланысты арыздар тіркелген жоқ, алайда криминалдық полиция қызметкерлеріне 1414 бірыңғай байланыс орталығында қазақстандықтардың күмәнді хабарламаның келуіне байланысты жүгінгенін растады.
Тағы да айта кететін мәселе, бұл мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде адамдарға келетін әр түрлі «акцияларға», «ұтыс ойындарына» және басқа да «қызықтыратын» ұсыныстарға қатысты. Ұсынылған сілтемелерге кірмеу керек. Полицейлер интернет немесе басқа жолдармен келетін кез келген ақпаратты ресми ресурстарда тексеруге кеңес береді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО