
Тамыз айында Петропавл тұрғындарын қаланың жекелеген аудандарында шыққан газдың иісі алаңдатты. «Горгаз-сервис» ЖШС мамандарының тексеріс нәтижелері көптеген аулаларда үйге көгілдір отын жеткізетін газ құбырларында қола гайкалардың жоғалғанын көрсетті. Олардың құны 11.200 теңгеден басталады. Ұрлық «Береке» және «Жас өркен» аудандарында, қала орталығында орын алған. ЖШС қауіпсіздік қызметі жүгінгеннен кейін полицейлер іске кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала маңындағы елді мекеннің 26 жастағы тұрғынының қатысы бары анықталды. Бұрын жас жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұрланған заттың бір бөлігі металл қабылдау орнынан алынды. Ұсталғанның айтуынша, ол гайкаларды қолмен бұрап көрген, бұралғандарын иемденіп отырған, газдың таралуы жайлы мүлдем ойламаған.
«Осы істе барлығы 30 эпизод болды, - дейді Петропавл қ. ПБ тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Нұржан Омаров. – Кәсіпорын тарапынан сомасы 896 мың теңгеге талап арыз берілді. Қазіргі уақытта материал ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігі «Ұсақ ұрлық» бойынша, сондай-ақ ҚР ҚК 188-бабы 3-б. «Ұрлық» бойынша сотқа тапсырылды. Бірер күн бұрын ер адам 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО