СҚО-да Республика күні қарсаңында жас полицейлердің аналарына алғыс хаттар табысталды

СҚО-да Республика күні қарсаңында жас полицейлердің аналарына алғыс хаттар табысталды

Офицерлер, сержанттар, ардагерлер, қоғам белсенділері мен қызметкерлердің ата-аналары. Облыстық полиция ведомствосында ұлттық мереке қарсаңында қызметі мен адал еңбегі жоғары бағаланған солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары жиналды.

Салтанатты жиынды СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев ашты. Ол қызметтік міндеттерін кәсіби атқарғаны үшін полицейлерге алғысын білдірді. Әр қызметкердің қызметі барысында құқықтық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосып, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін айтып кетті. Осы орайда, тәртіп сақшыларының ата – аналары мен отбасы мүшелеріне ерекше ризашылығын білдірді. «Тек шынайы патриот қана өзге адамдардың мүдделерін қорғауға қашан да әзір және департаментіміздің барлық қызметкерлері осы қасиетке ие екеніне сенімдімін. Батылдық пен ерлікті қоғам әрқашан жоғары бағалайды. Қазақстандық полицияның бірнеше буынын тәрбиелеудегі адал еңбектері үшін ардагерлерге зор алғысымды білдіремін», - деп атап кетті Қанат Айтбаев.

Медальдар, грамоталар, алғыс хаттар – міндеттерін адал және мінсіз атқарған барлық жетекші бөліністердің қызметкерлері әріптестері мен ардагерлердің қошеметімен марапаттарына ие болды. Марапатталғандардың қатарында полиция қызметкерлерінің аналары да бар: Айгүл Нәлішева, Әлия Сүйіндікова, Алтын Мұқашева, Ақтоты Нұрмазанова. Балалары аудандық және қалалық полиция бөлімдерінде қызмет атқарады; іс-шараға қатысқан аналарға қылмыспен күресте және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген балаларын лайықты тәрбиелегені үшін салтанатты жиналыста шынайы ризашылық білдірілді. Республика күніне орай СҚО ПД бастығының бұйрығымен 200-ден астам адам түрлі марапатқа ие болды.

Салтанатты жиын облыс орталығының шығармашылық топтары әзірлеген концерттік бағдарламамен аяқталды. Мереке күндері қала мен облыс полицейлері әдеттегідей жерлестерінің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген түрде қызмет атқарады.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО