СҚО-да мотоқопсытқышты басқарған ер адам жол-көлік оқиғасында зардап шекті

СҚО-да мотоқопсытқышты басқарған ер адам жол-көлік оқиғасында зардап шекті

М.Жұмабаев ауданында мотоқопсытқыштың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Кешке шамамен сағат 19:30-да бір ауылдың маңындағы жолда қопсытқыш бір бағытта кетіп бара жатқан 46 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Toyota» автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан қопсытқышты басқарған 50 жастағы ауыл тұрғыны орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру нәтижесі екі жүргізушінің де мас емес екенін көрсетті. Аталған факті бойынша әкімшілік өндіріс жүргізілуде.

«Тұрғындарға мотоқопсытқыштар көлік құралы емес және мақсатына сай, яғни жер өңдеуге пайдалануы тиіс екендігін еске саламыз, - деді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Бахтияр Есімов. - Сондай-ақ, қандай болмасын көлікті басқарған адам жолда Жол жүрісі ережелерін сақтап, өзінің жолда келе жатқанын көрсетуі тиіс, жасап жатқан маневрлері туралы белгі беруі қажет. Аталған талаптарды орындамау – ауыр жол-көлік оқиғасына алып келеді».

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ескерткендей, 17 қазаннан бастап облыс аумағында "Мас жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында өрескел бұзушылықтардың, оның ішінде көлікті мас күйде жүргізудің алдын алуға ерекше көңіл бөлінбек.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО