
Із-түссіз жоғалған адамдарды іздеу криминалдық полиция бөліністері жұмысының басым бағыттарының бірі. Жедел уәкілдер әр оқиғаны жіті тексеріп, талдау жүргізеді.
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының ақпаратынша, қазіргі уақытта із-түссіз жоғалған 49 адам іздестірілуде. Олардың барлығына өткен жылдары іздеу жарияланған. 38-і ер адам болса, 11-і әйелдер. 32 адам маскүнемдікке салынған. Із-түссіз жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарының басым бөлігі Петропавл қаласының Полиция басқармасында: 18 іс, Қызылжар ауданының полиция бөлімінде – 10, Айыртау ауданында – 7, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда – 5 іс қозғалды.
«Ағымдағы жылдың қаңтар айында азаматтардың жоғалуы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 17 факті тіркелді. Оның ішінде жетеуі – ерлер, үшеуі – әйелдер, алтауы – кәмелетке толмағандар. 8 адам ішкілікке салынған. Олардың барлығының аты-жөндері белгілі болды. Әсіресе, 14-і бір тәулік ішінде анықталды», - дейді Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов.
Сондай-ақ полицейлердің айтуларынша, әр істі қыруар күш пен тиянақтылықты қажет етеді. Бір жағдайда адамдардың кейбірі отбасыларында жақындарымен ренжісіп, үйлерінен кетіп қалса, келесісінде ішімдік себепші болады. Жедел уәкілдер осы істердің барлығын егжей-тегжейлі тексереді. Кейбір істі соңын нәтиже бірден пайда болса, енді бірі бірнеше созылға созылуы мүмкін…
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері із-түссіз жоғалған Мейрам Смағұловты, Виктор Раскатовты, Бақыт Хамзинаны іздестіруде көмек көрсетуді сұрайды.
1976 жылы туған Мейрам Мұсатайұлы Смағұлов 2018 жылдың қазан айында Тараз қаласынан СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка селосындағы үйіне шығып, осы уақытқа дейін одан еш хабар жоқ (ішімдікке әуес, бұрындары үйінен бірнеше кеткен).

36 жастағы Виктор Викторович Раскатов Петропавл қаласындағы үйінен 2019 жылдың 30 қыркүйегінде кетіп қалған. Белгілері: бойы шамамен 160 см, орта денелі, көздері жасыл түсті, шаштары қоңыр түсті, басының кей жерлерінде шаштары түскен, қастары сирек өскен, майыса орналасқан. Үстінде сұр түсті трико, қара-жасыл түсті курткасы, басында қара шапкасы болған.

1971 жылы туған Бақыт Жоламанқызы Хамзина 2019 жылдың 18 қарашасында Шал ақын ауданы Жаңаталап ауылындағы үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Белгілері: бойы 160 см, орта денелі, ақ шашты.
Аталған азаматтарға қатысты қандай да бір ақпарат болған жағдайда «102» арнасына немесе СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының 8-(715)-2 39-41-78; 8-707-820-30-29, Петропавл қ. Полиция басқармасының 8-(715)-2 39-48-37, 39-48-07; 8-747-239-11-61, 8-707-909-50-06 телефондарына хабарласу қажет.
СҚО ПД баспасөз қызметі