СҚО Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері экстремалды оқу-жаттығудың жаңа түрінен өтті. Ерекше бөлініс жауынгерлері альпинизм және құзға өрмелеу, таудан шаңғы тебу даярлығының қыр-сырын меңгерді.
Топтарға бөлінген жауынгерлердің сабақтары екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде сабақтары № 7 мектеп базасындағы құзға өрмелеу үйірмесінде ұйымдастырылды, мектеп спорт залында 7 метрлік биіктікке өрмелеуге арналған ілгектермен тік қабырға бар. Дайындықтан өтпеген адам бұл қабырғаға оңайлықпен шыға алмайды. Қауіпсіздік техникасы жайлы нұсқаулық өткізілгеннен кейін жауынгерлер жаттығуларды пысықтауға кірісті. Өрмелеу әдіс-тәсілдері, жеке, өзара сақтандыру тәсілдеріне баса назар аударылды. Екінші кезең «Петрогорка» шаңғы базасында өтті. Ашық аспан астында Есіл өзенінің тік жарында полицейлер қылмыскерлерді қудалау, қару-жарақ тасымалдау, жараланғандарды тасу кезінде таулы аймақтарда сенімді әрекет ету үшін қажетті дағдыларды пысықтады. Сабақты Солтүстік Қазақстан альпинизм, құзға өрмелеу және туризм федерациясының тәжірибелі нұсқаушылары өткізді. Даярлықты федерация президенті Василий Шунько басқарды. Ол жаттыққан адамның өзі күтпеген жағдайға тап болған кезде абдырап қалатынын атап өтті, дей тұрғанымен, полицейлер жылдам бейімделу, жаңа білімді игеру және іс жүзінде қолдана білу қабілетімен ерекшеленеді.







«Әр түрлі жағдайларда түрлі тренингтер жиі-жиі өткізіліп тұрады, - дейді СҚО Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі полиция подполковнигі Ерік Құлжанов. Қаңтар айында жауынгерлер Есіл өзеніне түсіп, жеңіл сүңгуір даярлығынан өтті. Сондай-ақ, парашютпен секіріп, экстремалды жағдайда медициналық көмек көрсету курсынан өтті. Жауынгерлердің даярлығы іс жүзінде бірнеше рет сыннан өтті. Бұл қызметкерлердің өмірлеріне қауіп төндіретін қылмыскерлерді ұстау кезінде де және 2017 жылғы су тасқыны кезінде де көрінді. Сол кезде жауынгерлер Петропавл қ. су басқан аудандарынан адамдарды және олардың мүліктерін шығаруға көмектесіп, күні-түні мұздай суда жұмыс істеді».
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақта қызмет етудің ерекшелігі – кез-келген жағдайда қойылған міндеттерді орындауға дайын болу. Қызметкерлер кәсіби даярлықтан тұрақты түрде өтіп тұрады, күнделікті сабақтардан бөлек, жаз мезгілінде әуе-десанттық, биіктік, жеңіл сүңгуір даярлығы бір жылға жоспарланады. Демалыс күндері ЖҚАЖ жауынгерлері қолдарына күрек алып, жалғыз басты зейнеткерлерге аулаларын қардан тазалауға көмектеседі.
СҚО ПД баспасөз қызметі