Петропавлда көңілді отырысқа әуес пәтер жалдаушыларға 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Петропавлда көңілді отырысқа әуес пәтер жалдаушыларға 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Петропавл қ. Полиция басқармасында полицейлер мен пәтер бюролары басшылары құқықтық тәртіпті нығайту үшін бірлесе шаралар қабылдау мәселесін жұмыс кездесуі барысында талқылады. Полицейлер жалға алған пәтерлерде жасалатын ұрлық фактілері туралы айтып берді. Көбіне теледидар және тұрмыстық техника пәтер ұрлығымен айналысатындардың олжасына айналады. «Мемлекеттік және жеке ұйымдармен тығыз өзара іс-қимыл жасап, бар күшімізді біріктіргенде ғана қылмысқа төтеп бере аламыз», - деп атап өтті Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Думан Сабыржанов.

Кездесуді ұйымдастырушылар қалалықтар үшін жалға берілетін пәтерлердегі тыныштықты бұзу фактілерінің өзектілігі жайлы айтты. Жыл басынан «102» арнасына тыныштық бермеген көршілеріне шағымданған 132 хабарлама келіп түскен. Оның ішіндегі 87-і тәулікке жалға берілетін пәтерлерде орын алған. «Бұл жиі қозғалатын тақырып болып отыр, азаматтардың шағымдары да көбейіп кетті. Полицейлер әр қайсысын қарастырып, шаралар қабылдады. Жыл басынан түнгі уақытта тыныштықты бұзғандары үшін пәтерлерді жалға алушыларға қатысты шамамен 100 әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ, полицейлер жеке басты куәландыру құжаттарын кепілге тастау заңсыз деп айтып өтті. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 494-бабымен 5 АЕК, яғни 13 мың теңгедем астам айыппұл көзделген. Биыл облыс орталығында осындай құқық бұзушылық үшін екі адам жауапқа тартылды.

Іс-шара соңында полицейлер мен кәсіпкерлер құқық бұзушылық пен қысмыскерлерге қарсы бірлесе шаралар қабылдау жайлы келісті.

СҚО ПД баспасөз қызметі