
Солтүстік Қазақстанның климаты тұрақсыз: күннің лезде суытуы, жаңбыр жауып, көктайғақ болуы жүргізушілерді әбігерге салып жатады. Тәртіп сақшылары ауа райын қадағалап, ТЖ қызметі жолдайтын sms-хабарламаларын қарап жүруге кеңес береді. Жүргізушілердің темір тұлпарларын қазірден бастап қысқыға әзірлегені дұрыс. Шиналарын уақтылы ауыстыру ауа райының қолайсыз жағдайында сенімді жүруге мүмкіндік береді. Көктайғақ бола қалған жағдайда жылдамдықты төмендету, көлік құралдарының ара қашықтығын сақтау сияқты қарапайым ережелерді сақтау қажет.
СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Розбахтың айтуынша, ауа райының қолайсыз кезеңінде жол-көлік оқиғасын болдырмау және апаттылықтың алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдарда патрульдік полиция жасақтарының саны көбейтіледі. Түнгі уақытта патрульдеуді жарқылдауық маяқтары қосулы жүзеге асырады. Автопатрульдер жолдың апаттық-қаупі жоғары деген учаскелерінде қызмет атқарады.
СҚО-да 9 айдың ішінде 221 ЖКО орын алды, онда 35 адам қаза тауып, 321-і жарақаттанған. Полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жолда абай болу және ЖЖҚ қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО