СҚО-да жыл басынан қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін 948 адам жауапкершілікке тартылды

СҚО-да жыл басынан қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін 948 адам жауапкершілікке тартылды

Алкогольдік өнімдер айналымындағы заңнаманың бұзушылықтарымен күрес – жергілікті полиция қызметі жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Оның өзектілігін статистикалық мәліметтерден көруге болады. Денсаулыққа ауыр және орташа ауыр зиян келтіруге алып келетін тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстардың әрбір екіншісі масаң күйде жасалады. Әйелдерге қатысты жасалатын барлық қылмыстық қолсұғушылықтардың шамамен әрбір төртіншісі бірлесіп спирттік ішімдік ішуден соң орын алады. Тұрмыста денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге көбінесе алкоголь себепші.

Ащы судың оңай жолмен қолдан алынуы жиі кездеседі. Осындай фактілерді анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізіледі, тәртіп сақшылары азаматтардан келіп түсетін қоңыраулар бойынша шаралар қабылдайды. Мәселен, шағымдардың бірі Аққайың ауданында тұрғындармен кездесу өткізу кезінде келіп түсті. Тұрғындар Черкасское ауылындағы үйлердің бірінде ішімдіктер заңсыз жолмен сатылып жатқанын айтып шағымданды. Учаскелік полиция инспекторы мен ауылдық округтегі қоғамдық кеңестің мүшесі проблемалы мекенжайларды анықтау мақсатында үй-үйді аралау кезінде 1981 жылы туған тұрғынды кезекті рет ішімдік сатып жатқан жерінде байқап қалды. Заң бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 463-бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру» бойынша жауапкершілікке тартылды. Заңсыз өнім тәркіленіп алынды.

«Облыста жыл басынан осындай 25 факті анықталып, құрамында спирті бар 59,5 литр өнім алынды, - дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Сондай-ақ, заңды сату нүктелерінің жұмысы да полицейлердің бақылауында. 21 жасқа толмаған тұлғаларға спирттік ішімдіктер сатуға тыйм салынатынын есте ұстаған жөн. Сағат кешкі 23-тен таңғы 8-ге дейін алкогольдік өнімдерді сатуға жол берілмейді. Құрамындағы этил спиртінің үлесі 30% асқан өнімдерді сатуға сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін тыйым салынады. Бұл бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК «Алкоголь өнімдерін өткізу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу» 200-бабымен қарастырылған. Сатушылар сатып алушылардың жастарын растайтын құжаттарын міндетті түрде талап етіп, кеш келген клиенттерге алкоголь өнімдерін сатпауы керек. Талаптарды орныдамаған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуіне тура келеді».

Жыл басынан ҚР ӘҚБтК 200-бабы бойынша 16 әкімшілік хаттама толтырылды, оның 3-і Петропавл қаласында. Соттың шешімімен аталған бап бойынша облыс орталығындағы 2 азық-түлік дүкенінің және «Шоколад» түнгі клубының спирттік ішімдік сату лицензиялары тоқтатылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу және масаң күйде келу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіліуде. Жыл басынан адамдардың арасына ұсқынсыз түрде шығып, айналасындағыларды қорлағаны үшін 948 адам жауапкершілікке тартылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі