СҚО Полиция департаментінде 100-ден астам жедел уәкіл марапатталды

СҚО Полиция департаментінде 100-ден астам жедел уәкіл марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде 100-ден астам полиция қызметкері мен ішкі істер органдарының ардагерлері ағымдағы жылғы 9 айдың жедел –қызметтік жұмысының нәтижесі бойынша марапатталды.

Басты назарда – жедел қызметтер. Криминалдық полиция, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармалары – бұл басқармалардың қызметкерлері қылмыстарды ашумен, қылмыскерлер және із-түссіз жоғалғандарды іздестірумен айналысады, сондай-ақ, жалпы қылмыспен күреседі. Жедел қызметкерлер күн сайын жедел-тергеу тобына түседі: криминалдық оқиғаларға алғашқылардың бірі болып шығады.

Жеке құрам алдында сөз сөйлеген СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жедел уәкілдердің қызметі Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі интеллектуалды элита екендігін және солай болып қалатынын айтты. «Жедел уәкілдер қылмыспен күресте қашанда алғы шепте тұрады. Өмірлеріне қауіп төнсе де, қиын тапсырмаларды орындап, небір шытырман және ауыр қылмыстарды ашып жатады. Солтүстікқазақстандық полиция тарихында мұндай оқиғалар жетерлік», - деп атап кетті облыстық полиция ведомствосының бастығы.

Қылмыстық іздестіру ардагері Юрий Киселев жас жедел уәкілдерге өз тілегін жеткізді. Отставкадағы милиция полковнигі СҚО-да түрлі жылдарда жоғары кәсібилікті, зор еңбекті талап ететін резонанс тудырған қылмыстар орын алғандығын айтып кетті. Сондай-ақ, ардагер аға буын офицерлердің алға қойған міндеттерді орындауда абыроймен қызмет атқаратындарын айтып, криминалдық полицияның жас қызметкерлеріне де зор үмітін артты.

Бірнеше ондаған офицер ведомство басшысының қолынан медальдар, грамоталар, алғыс хаттар алды. 5-ші қазан күнгі бұйрықта 100-ден астам қызметкер мен ардагер болды. Олардың ішінде мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» арнайы атағын алған Абзал Темірбаев та бар.

Жиналыс СҚО ПД Мәдени орталығы әзірлеген концерттік бағдарламамен аяқталды.