СҚО Полиция департаментінде саптық бөліністердің қызметкерлерімен офицерлік жиналыс өткізілді

СҚО Полиция департаментінде саптық бөліністердің қызметкерлерімен офицерлік жиналыс өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде саптық бөлініс қызметкерлерінің офицерлік жиналысы өткізілді. Кездесуге СҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, сондай-ақ СҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов қатысты.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жиналысқа бірқатар бөліністердің жеке құрамы кездейсоқ шақырылмағанын атап өтті: Полиция департаменті, патрульдік полиция батальоны, сондай-ақ учаскелік инспекторлар қызметі - бұл дайындалған және жауынгерлік бөліністердің офицерлері. Олар тәулік бойы өңірдің құқықтық тәртібі мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отыра, алдыңғы шепте жүреді. Азаматтардың тыныштығы, қалалар мен ауылдардың көшелеріндегі бейбіт және қауіпсіздік олардың кәсібилігі мен батылдығына тікелей байланысты.

Ескендір Елеусізов пен Жасұлан Ахметов полицейлерге алдағы уақытта да абыроймен қызмет атқаруларын тіледі. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан қоғамның назарында болатындығы атап өтілді. Тәртіптің кез-келген бұзушылығы мемлекеттік билік жүйесінің имиджіне нұқсан келтіріп қана қоймай, беделін де түсіреді. Осыған байланысты полицейлер тәртіпті қатаң сақтап, үлгі көрсетуі тиіс. Бұдан бөлек, азаматтардың барлық өтініштеріне жауап берулері қажет.

8 айда СҚО-да 3 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Қылмысты ашу деңгейі 77,3% құрады. Сондай-ақ, жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 46 335 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін 762 жүргізуші ұсталды.