СҚО полицейлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысын алу құқығын түсіндіруде

СҚО полицейлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысын алу құқығын түсіндіруде

Тәжірибе көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен  адамдардың басым бөлігі сақтандыру өтемақысын алу құқығы туралы білмейді. Бұл ретте, «Көлік құралдары иелерінің міндетті сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі №466 ҚР Заңына сәйкес жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу көзделген. Автокөлік иелерін міндетті сақтандыру ең төменгі өтемақыға кепілдік береді, сонымен қатар жолаушылар тасымалдаушылары өз жолаушыларын сақтандыруға міндетті.

Сақтандыру мәселелері полиция құзыретіне кірмейтініне қарамастан, ҚР Ішкі істер министрі зардап шеккендерге олардың заңды құқықтарын түсіндіру туралы тапсырма берді. «Полиция жұмысының мақсаты — заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, — деп атап өтті СҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Сергей Табарин. - Заңнамалық нормаларды білмеу - кейде адамдарға өз құқықтарын жүзеге асыруға тосқауыл болып жатады. Сонымен қатар, кей азаматтар құқықтық сауатсыздықты пайдаланып, заң көмегін көрсету кезінде өздеріне пайда түсіреді. Сондықтан жол-көлік оқиғалары фактілері бойынша қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді жүргізетін тергеушілер, анықтаушылар және әкімшілік полиция қызметкерлері зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысын алуға заңды құқықтарын түсіндіруге бағдарланды».

Атап айтқанда, полицейлер сақтанушы жол-көлік оқиғасы туралы білгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей,  бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуі қажеттігі туралы атап өтті. Төлемді сақтандырушы қажетті құжаттар пакетін алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүргізеді. Барлық сұрақтар бойынша сақтандыру ұйымдарының агенттеріне хабарласқан жөн.