Жыл басынан Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында 3 қылмыс тіркелді. 96 петропавлдыққа әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды. Обасылық жанжалдың 9-ы дене жарақаттарын алған әйелдер үшін қайғылы аяқталды. Екеуі ауруханаға түсті. Отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша 76 материал сотқа жолданды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері айтып кеткендей, әйелдердің басым бөлігі өздерін ренжітушілерін кешірген. Жанжалқорлардың 13-і ғана әкімшілік қамауға алынған.
14 ақпан бірге тұратын ерінен таяқ жеген 32 жасар қалалық көптеген қанды ісіктерімен, сүйектерінің сынуымен ауруханаға түсті. Алған дене жарақаттарына қарамастан, сол күні сүйіктісіне шағымы жоқ екендігі айтып, өтініш жазған. Қасақана денсаулыққа ауырлығы орта зиян келтіру фактісі айыппұл түріндегі, түзету немесе қоғамдық жұмысқа тарту, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР ҚК 10-бабының 1-б. бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қол жұмсағаны үшін 35 жасар петропавлдықтың жазаға тартылуы екіталай, өйткені келіншек ерінің дөрекілігін кешіріп те қойған. Әйелдердің мұндай «кешіргіш» позициялары, өзара қарым-қатынаста соққы алып тұрудың нормаға айналуына әкеп соғады.
«Мәселесін күшпен шешуді әдетке айналдырғандарға заңмен ықпал ету шаралары бар. Полицейлер қолдануға әзір. Алайда, әйелдер көбінесе отбасындағы кикілжіңді сыртқа шығармауға тырысады. Тіпті, полицейлердің араласуына тура келген жағдайлардың өзінде әйелдер ерлерін кешіріп жатады. Петропавл қ. ПБ-де тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша жүгіне алатын (39-48-56) әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топ жұмыс істейді», - дейді Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов.
СҚО ПД баспасөз қызметі