СҚО полицейлері абаттандыру ережелерінің 729 бұзушылығын анықтады

СҚО полицейлері абаттандыру ережелерінің 729 бұзушылығын анықтады

СҚО-да полицейлер ауа райының тосын мінез танытуына орай абаттандыру ережелерінің сақталуына қатысты жұмысты күшейте түсті. СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы аумақтық полиция бөлімдеріне тиісті нұсқаулар жолдады. Бөлім басшыларына нұсқаудың орындалуына қатысты жеке жауапкершілік жүктелді. Іргелес аумақтардан қар шығару, үй шатырларын қар мен сүңгі мұздан тазартуға баса назар аударылды. Ауа райының жылынуына байланысты шатырдағы мұз қаупі арта түседі. Петропавл қ. ПБ-да жағдайға мониторинг жүргізетін топ құрылды. Учаскелік полиция инспекторлары ПИК төрағаларымен кездеседі, үй шатырларын қардан тазалау қажеттігі туралы ұйғарымды шығарып, орындалуына бақылау жүргізеді.

«Атқарылып жатқан жұмыстың негізгі міндеті – түсіндіру және алдын алу. Қала тұрғындары бұл жұмысқа түсіністікпен қарайтынын атап өткен жөн, - деді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. – Көп жағдайда бақылаусыз үйлер проблема тудырады. ПИК және үй бойынша бақылаушы болмаған жағдайда учаскелік полиция инспекторлары үй тұрғындарымен жұмыс жүргізеді, алайда, мәселелер қайта туындауы мүмкін».

Бұндай үйлердің бірі Сатпаев көшесі, 46 мекенжайында орналасқан. Бұл үй туралы бейжай қарамайтын қала тұрғыны әлеуметтік желілердегі тікелей эфир кезінде хабарлады, ол тротуардың дәл қасындағы үй шатырында салмағы бірнеше килограмға жететін мұз таяқшалары адам өміріне қауіп төндіріп тұрғаны туралы ескерткен болатын. Бұл үйде ПИК жоқ. Ғимаратта аумақты жалға алатын «Ресей темір жолы» АҚ шатырдың аула жағын қардан өз еркімен тазалап тұрғанымен, шатырды тротуар жақтан тазалау қол жетімді емес. Учаскелік полиция инспекторымен кездескен ұйым басшылығы қажетті техника табуға келісіп, көп ұзамай көтергіш пен жүк тиегіштің көмегімен жұмысқа кірісті. Сол тікелей эфир кезінде полицейлерге Булаев қ. апаратын жолдың мүшкіл жағдайына қатысты бірнеше хабарлама келіп түсті. СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері мердігер - «ҚазАвтоЖол» ЖШС қатысты әкімшілік хаттама толтырды...

Көктем қарсаңында қарды уақтылы шығару мәселесі де аса өзекті. Қаладағы үйінді қар су басуға алып келеді. Учаскелік полиция инспекторлары жер үйлер, дүкендер, ұйымдардың қасындағы аумаққа жиып қойылған қардың шығарылуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтер жүргізеді. Жалпы облыс бойынша жыл басынан абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 729 әкімшілік хаттама толтырылды. Негізгі ықпал ету шарасы – ескерту, 7 жағдайда бұзушылықты қайта жасаған меншік иелеріне айыппұл төлеуге тура келді.

СҚО ПД баспасөз қызметі