Полицейлер «Жолда қабылдау» акциясының үш күні ішінде 600-ден астам өтініш қабылдады

Полицейлер «Жолда қабылдау» акциясының үш күні ішінде 600-ден астам өтініш қабылдады

СҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясы кезінде 317 өтініш қабылдады, оның 79-ы жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша. Сондай-ақ, 239 сауал әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында келіп түсті.

Дәстүрге айналған акция адамдарға қолайлы болу үшін үш күнге созылды: жұмадан жексенбіге дейін. Қызықтырған сұрақтарын кез келген ыңғайлы формада жолдауға болады. Өтініштерді көші-қон, жергілікті полиция, әкімшілік полиция қызметтері, процессингтік орталық қызметкерлері мен бірқатар мемлекеттік орган қызметшілері «Nur Otan» қоғамдық қабылдау, арнайы ХҚКО-да, аумақтық полиция бөлімдері және СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы алаңдарында қабылдады. Бұл күндері 25 учаскелік полиция пункттерінің есіктері ашық болды, WhatsApp мессенджерінде «қауырт желі» жұмыс істеп, Instagram және Facebook желілерінде тікелей эфирлер өткізілді.

«Полиция мен халық арасындағы онлайн-қатынас жасау формасы былтырғы жылы сыннан өтіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді, -дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Хамитов. - Әлеуметтік желілерде 41 тікелей эфир өткізілді, оның барысында 293 өтініш келіп түсті. Жол қозғалысын ұйымдастыру және қысқы жолдарды күтіп-ұстау негізгі тақырыпқа айналды. Баса айта кететіні: жол белгілерін орнату және жаяу жүргінші өткелдерін абаттандыру мәселелері тек халықаралық стандарттарға сай шешілуі мүмкін. Мәселен, жаяу жүргінші өткелдерін бір-біріне 200 метрден, бұрылысқа 40 метрден жақын орналастыруға болмайды, сол сияқты өзге де шарттар бар. Келіп түскен осы сияқты әрбір өтініш зерделеуді талап етеді, сол себепті барлығы бақылауға алынды».

Сонымен қатар, полицейлер заңнамадағы жаңашылдықтар бойынша да түсініктеме берді: шетелдік нөмірлі автомобильдерді уақытша тіркеу, шетелге шығу кезінде кәмелетке толмаған Қазақстан азаматтарының төлқұжат алуы және тағы басқалары жайлы.

Сауалдардың басым бөлігін «Ауладағы қабылдау» форматында жұмыс істеген учаскелік полиция инспекторлары қабылдады. Бұл алаңда жергілікті сипаттағы мәселелер басты тақырыпқа айналды – қарды уақтылы шығармау, түнгі уақытта тыныштықты бұзу және т.б. Өтініштердің бірі «WhatsApp» арқылы келіп түсті: өтіп бара жатқан қалалық Сәтпаев көшесі бойындағы ғимараттардың бірінің төбесінен мұз сүңгілерінің салбырап тұрғанын байқаған. «Тротуарға жақын жерде орналасқан ғимаратта салмағы ауыр мұз сүңгілері салбырап тұр», - деп жазған.

Петропавл қ ПБ 2 Полиция бөлімінің ЖПҚ қызметкерлері өтінішке тез арада әрекет етті. Бұл үйде ПИК төрағасының жоқ екендігі анықталды. Учаскелік полиция инспекторының бірінші қабатта жалға орын алған ұйымның басшылығымен әңгімесінен кейін, соңғысы өз еркімен шатырды қалыпқа келтіретінін айтты.

Полицейлердің айтуынша, акция барысында келіп түскен өтініштердің басым бөлігі кеңес сипатында болды. Келіп түскен әр сауалға білікті жауаптар беріліп, бақылауға алынды.

СҚО ПД баспасөз қызметі