
Халықтың бос уақытын ұйымдастыру және мәдениет ошақтары террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына жатады. СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері С. Мұқанов ат. Мемлекеттік қазақ сазды драма театрының басшылығымен және ұжымымен түсіндіру-профилактикалық кездесуді өткізді.
Тәртіп сақшылары театр ұжымына қолдан жасалған жарылғыш заттарды анықтаған кезде жасалатын әрекеттер алгоритмі туралы айтып берді, террористік актілерді жүзеге асыру үшін террористік ұйымдар қолданатын тактика туралы ескертті. Сондай-ақ, полицейлер кездесу қатысушыларына нысанға мина салынғаны туралы хабарлама келіп түскен кезде жасалатын бастапқы ден қою шаралары туралы, адамдарды шығару және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті әрекеттер жөнінде түсіндірді.
СҚО-да террористік тұрғыдан осал мәдени пен халықтың бос уақытын ұйымдастыруға арналған 23 объекті бар. Жыл басынан полицейлер террористік тұрғыдан осал 238 объектінің басшылығы мен ұжымына 13 сабақ өткізді.