
Қазір Солтүстік Қазақстан облысында Ресей азаматы денсаулығына байланысты еліне орала алмай отыр. 84 жасар ресейлік тұрып жатқан «Колос» қонақ үйінің әкімшісі «Жолда қабылдау» акциясы кезінде «болу мерзімін бұзбас үшін бұл жағдайда қалай істеуге болады?» деген мәселесімен полицейлерге жүгінді. «Зейнеткер өздігінен жүре алмайды, ал тіркеу мерзімі 14 ақпанға дейін ғана. Біз оған көмектесіп, қолымыздан келгенше күтудеміз. Қазір бізде тұрып жатқан Евгений Львович Крамердің туыстары мен таныстарын іздестірудеміз. Мүмкін оны біреулер іздеп жүрген де шығар», - деді Иван Овчинников. СҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасындағы өзгерістерді ескере отыра, жағдайға түсіністікпен қарап, оған уақытша тұруға арналған рұқсат ресімдеуге көмектесті.


Еліміздің барлық өңірлерінде ақпанның 14-16 аралығында өтіп жатқан «Жолда қабылдау» акциясының алғашқы күні солтүстікқазақстандық полицейлерге 98 адам жүгінді. Сұрақтардың басым бөлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты болды. Республикалық акция аясында диалог алаңдары 20 жерде орналастырылды. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында солтүстікқазақстандықтардың сұрақтарына полицейлермен бірге Петропавл қ. прокуратурасы, СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және СҚО бойынша Экология департаментінің өкілдері жауап берді.

«Жол белгілерін орнату, облыс орталығындағы бағдаршамдардың жұмыс істеуі, қар тазалау жұмысы сияқты жол инфрақұрылымына қатысты сұрақтар жиі келіп түседі. Біз барлық ұсыныстарды қарастыруға, жол учаскелерін тексеруге дайынбыз. Шешім көлік құралдарының жүру жиілігін, учаскедегі қауіпсіздікті ескерумен талдау негізінде қабылданады», - деді СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов.

Петропавл қаласының тұрғыны Владимир Зырянов акция кезінде Михеев қысқа көшесі, 1 бойынша жаяу жүргіншілер өткелін орнатқандары үшін полицейлерге алғыс білдірді. Қаланың келесі бір тұрғыны қаруды тіркеу мәселесімен жүгінді. Қару иесін әкімшілік жауапкершілікке тартқан учаскелік полиция инспекторының іс-әрекетінің заңдылығына қатысты мәселесі бойынша қала прокурорының міндетін атқарушы Князь Валиев түсінік берді. «Жолда қабылдау» республикалық акциясы ай сайын өткізілетінін естеріңізге саламыз. Бұл науқан осымен 11 рет өткізіліп отыр, оның барысында әлеуметтік желілердегі Полиция департаментінің аккаунттары арқылы халықпен онлайн-диалогтар тиімді орнатылады.
СҚО ПД баспасөз қызметі