15 ақпан, Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай өңір полицейлері сексенінші жылдары Ауғанстан аумағында интернационалдық борышын атқарған, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыстарға қатысқан ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетті. «Ауғандықтарды» әскери қимылдардың аяқталу күнімен Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесінің өкілдері мен полицияның жас достары – аудан орталығы Бескөлдегі № 2 ОМ «Сардар» әскери-патриоттық бағыттағы балалар қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері құттықтады. Іс-шара полиция ведомствосының музейінде өтті.
«Ауған соғысы аяқталғаннан кейін, 30 астам солтүстікқазақстандық өз тағдырын ішкі істер органдарында қызмет етумен байланыстырды. Олар қызметтік міндеттерін адал атқарды және «абырой мен адамгершілікке» беріктіктің жарқын үлгісін көрсетуде. Департаментімізде интернационалист-жауынгерлерді құттықтаудың игі дәстүрі қалыптасқаны қуантады. Бүгінде ардагерлер игі істерден шет қалмай, қоғамдық өмірге белсенді араласуда, ауған жерінде шыныққан, жауынгерлік достыққа деген адалдықты сақтап келесіздер», - деді құттықтау сөзінде СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебев.
Кадеттердің қатысуы іс-шараның маңыздылығын арттыра түсті. «Сардар» — бұл «кадеттер сыныбы», онда балалар әскери өнердің қыр-сырымен танысып, ой-өрістерін кеңейтеді, бос уақыттарын гаджеттермен өткізуді артық көретін құрдастарына қарағанда, олардың қолы жетпейтін пайдалы әдіс-тәсілдерді меңгереді. Әскери ұрыстарды өз көзімен көрген ардагерлердің әңгімесін балалар ерекше ықыласпен тыңдады. 1983-1985 жылдары Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүріп, минометші-жүргізуші болған, бүгіндері отставкадағы полиция аға лейтенанты Бағдат Ешманов Панджшер елді мекеніндегі соңғы әскери операция жайлы айтып берді. Сол жолы оның бөлінісінде жау оғынан 23 адам қаза тапқан. Полицейлердің іс-шараға шақыруларын қуана қабылдаған «Сардар» тәрбиеленушілері ардагерлерге ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.
Естелік датаның құрметіне орай 20 астам интернационалист-жауынгер, ішкі істер органдарының ардагерлері «Қолдаушы» медалімен марапатталды. Салтанатты бөлімнен кейін, қонақтарға облыстық полиция музейінің кинозалында полицияда қызмет еткен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған видео көрсетілді. Олардың саны – 29, бүгінгі күні барлығы ішкі істер органдарының ардагерлері. Олардың 5-уі Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстарға қатысқандар, екеуі саптағы полиция қызметкері. Олар үшін полиция ведомствосының есіктері әрқашан ашық.
СҚО ПД баспасөз қызметі