Дүниежүзіндегі алғашқы кинокамераның патенттелген күніне 125 жыл толуына орай полицейлер музейге құнды экспонат тапсырды

Дүниежүзіндегі алғашқы кинокамераның патенттелген күніне 125 жыл толуына орай полицейлер музейге құнды экспонат тапсырды

1895 жылы 13 ақпанда ағайынды Люмьерлер әлемде ең бірінші шыққан кинокамераға патент алуға өтінім жасаған. Тура 125 жылдан кейін СҚО Полиция департаменті музейіне баспасөз қызметінде пайдаланылған, ең алғашқы құнды жәдігер Panasonic M3500 бейне камерасы тапсырылды.

Люмьерлердің кино кәсібі ұзаққа бармады, олар бәсекелестікке шыдамай, 1898ж. киноөндірісінен кетіп қалады. Араға 100 жыл салып, СҚО бойынша Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінде алғашқы бейнекамера пайда болды.

Бұған дейін бөлініс газеттермен ғана жұмыс істеген. Тележурналистер мақала негізінде өздері сюжет дайындаған. Камера алғаннан кейін жұмыс жеңілдеп, телеарналарға дайын бейне материалдар жіберіліп отырған.

Ол кезде полицияның баспасөз қызметінде полиция аға лейтенанты Мәдина Балғашоқова ғана қызмет атқарған. Абажадай VHS-бейне камерасын басқару әйел адамның қолынан келе бермейді, сондықтан оқиға орнына шығатын криминалист-әріптестері видеоға түсіруші алғашқы операторлар болған.

Panasonic объективі ондаған қылмыс орнын, жәбірленушілердің қаны мен көз жасын, қылмыскерлердің бет-әлпетін түсірген. Тоқсаныншы жылдары қылмыстың өршіп тұрған кезінде, полиция жан түршігерлік қылмыстардың түрлерін ашып жатқанын көрсететін сюжеттер қажет болды. Интернет кең тарағанға дейін телевидение жедел жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралы болып табылды. Полицияның баспасөз қызметі үшін күнде сюжет түсіру үйреншікті іске айналды, бұл жұмыс ритм бүгінгі күнге дейін сақталып келеді...

Алғашқы бейнекамера жұмыс істеу мерзімі Люмьерлер кинокарьерасының мерзімінен сәл ғана асты. VHS форматы тозып, істен шыға бастады. Баспасөз қызметінің қызметкерлері 2000-шы жылдан бастап оқиға орнына mini-DV кәсіби форматында түсіретін камерамен шыға бастады. Уақыт өте келе цифрлық камера да пайда болды. Баспасөз хатшылары бөлек-бөлек түсіруді, видеоны көріністермен толықтыруды үйренді.

Бүгінгі таңда баспасөз қызметі телесюжеттерді түсірумен қатар, әлеуметтік желі қолданушыларына полиция жұмысын көрсететін имидждік роликтерді монтаждап, іс-шараларға бейне сүймелдеуді, сондай-ақ «Мәнгілік «Катюша»» немесе «Полковниктер және машиналар вальсі» сияқты мың қаралым жинайтын ерекше флешмобтардың видеосын дайындайды. Осы ұзақ кәсіби тарихтың алғашқы кезеңі - Panasonic М3500 камерасы музей төріне орналастырылды. Көрермендер назарына талай жаңалықты ұсынған камера бүгінгі таңда тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерге айналды.

СҚО ПД баспасөз қызметі