Полицейлер масаң күйде жол-көлік оқиғасын жасап, ізін суытқан бұрын басқару құқығынан айырылған 32 жасар жүргізушіні ұстады

Полицейлер масаң күйде жол-көлік оқиғасын жасап, ізін суытқан бұрын басқару құқығынан айырылған 32 жасар жүргізушіні ұстады

Сейсенбі күні кешке Петропавл қ. Ғабит Мүсірепов көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды: Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі жол жиегінің қасына қойылған Lexus маркалы автокөлігінің шанағын зақымдап, оқиға орнынан ізін суытты. Зақымданған көліктің иесі бейне бақылау камераларынан жазбаларды тексере келе, жүргізушіні анықтап, полицейлерді шақырады. Тексеріс кезінде Toyota RAV4 көлігін басқарған қала тұрғыны масаң күйде болғаны анықталды. Көлік салонында сыра қалбырлары, мемлекеттік нөмірлік белгілер болған. Мән-жайды анықтау мақсатында оқиға орнына бірінші полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. 1987 жылғы ұсталған қала тұрғыны бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты. Қазіргі уақытта тергеушілер мән-жайды анықтау үстінде, алдағы уақытта материалдар сотқа жолданатын болады.

СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов 12 ақпаннан солтүстікқазақстандық патрульдік полицейлер мен учаскелік полиция инспекторлары «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Іс-шараның алғашқы күнінде облыс полицейлері көлікті масаң күйде басқарған 8 жүргізушіні ұстады. Жүргізу куәлігінен айырылып, көлік тізгіндеудің 4 фактісі анықталды. Жылдамдық асырудың 38 фактісі, рөлде отырып, телефон пайдаланудың 35 фактісі және жаяу жүргіншілер тарапынан 90 бұзушылық тіркелді.

Бұл ретте полицейлер бұзушылықтарды анықтау мақсатында жүргізілетін рейдтермен ғана шектеліп қоймайды. Ауа райының құбылуына байланысты қала сыртындағы жолдарда тәулік бойы патрульдеу жүргізілуде. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы 14 ақпанда аяқталады.

СҚО ПД баспасөз қызметі