Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасымен жұмысқа рұқсат алу және рұқсат мерзімін ұзарту туралы шетелдіктердің 167 өтініші қаралды. Қаңтарда СҚО-да жұмысқа негізінен Өзбекстан, Әзірбайжан және Тәжікстан елдерінің азаматтары орналасты. Үй қызметшілері, құрылыс, көпшілік тамақтану – келушілер қызмет көрсетудің түрлі салаларына жұмысқа орналасып жатады.
СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбіловтің айтуынша, жұмысқа кіруші шетелдіктердің барлығы бірдей заңнама негізінде орналаспайды. Қазақстан Республикасына кіру жеке мақсатымен келіп – жұмысын жүзеге асырады. Жыл басынан көші-қон қызметінің қызметкерлерімен осындай 19 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, шетел жұмыс күшін және еңбек көшіп-келушіні тартқаны үшін Қазақстан Республикасының 3 азаматы жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес, визада көрсетілген мақсатты жүзеге асыруға сәйкес келмеуінен көрінген халықтың көші-қон заңнамасы саласында ҚР заңнамасын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның бұзуы - жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.
Бұл ретте, еңбек көшіп келушіге жұмыс істеуге рұқсат алу үшін уақытша тіркеу орны бойынша көші-көн қызметіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет: өтініш-сауалнама, жеке табыс салығын алдын-ала төлеу туралы квинтацияның көшірмесі, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (шекарадан өткені туралы белгісімен), медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өткені туралы анықтама және фотосурет. Қаңтар айында СҚО ПД Көші-қон қызметкерлері осындай 113 өтінішті, ал жыл басынан 167 өтінішті қарады.
Петропавл қаласында Көші-қон қызметін көрсету орталығы Жамбыл көшесі, 71 «А» мекенжайында орналасқан, демалыс күндерінен басқа күн сайын жұмыс істейді.
СҚО ПД баспасөз қызметі