СҚО полицейлері 2 күнде шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастырудың 12 фактісін анықтады

СҚО полицейлері 2 күнде шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастырудың 12 фактісін анықтады

12-14 қыркүйек аралығында СҚО полицейлері жалдамалы пәтерлер мен базарларды, құрылыс алаңдарын, шаруа және фермерлік қожалықтарды, шетелдіктердің басқа да болуы мүмкін жерлерін тексеруде. Облыста «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Жұмыстың негізгі бағыты – шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзуының алдын алу. Әрбір тексерілушіге өзінің құқықтық мәртебесін уақтылы реттеу, Қазақстан Республикасында болу мерзімдері мен ережелері туралы заң талаптарының бұзылуына жол бермеу қажеттігі туралы еске салынады. Іс-шара барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың бірқатар фактілері анықталды. Мысалы, ЖШС иелерінің құрылыс жұмыстарына Өзбекстан азаматтарын тарту фактілері анықталды. Жұмысшыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша материалдар жинақталды. Жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатын болады. Полицейлер ескерткендай, заңды тұлғалар ЕАЭО кіретін мемлекеттердің азаматтарын ғана жұмысқа қабылдай алады. Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан сияқты елдердің тұрғындары тек жеке тұлғаларға ғана жұмысқа орналасуға құқылы.

«Жедел-профилактикалық іс-шара аясында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 2 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды, - дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ермек Нұсұрбаев. – ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін барлығы 71 шетел азаматы тартылды. Сондай-ақ, көші-қон қызметінің қызметкерлерін шетелдіктердің болуы туралы уақтылы хабардар етпеген 51 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұны 3 жұмыс күні ішінде жасау керек. Басқа мемлекеттердің 6 азаматы ҚР көші-қон заңнамасын жүйелі түрде бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан шығарылды. Облыс тұрғындары мен Қазақстан Республикасының қонақтарына көші-қон заңнамасының талаптарын білу және оларды қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеміз».