
Солтүстікқазақстандық жасөспірімдер СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығына экскурсияға барғанды ұнатады. Балаларға полицейлердің сенімді көмекшілерімен қарым-қатынас, күнделікті қызу жұмыстары туралы қызықты әңгіме мен еліктіретін шоу ұсынылады: тәртіп сақшылары иттерінің есірткі іздеу және қылмыскерлерді ұстау барысын тәжірибеде көрсетті. КҚО питомнигінен балалар әр кез көтеріңкі көңіл, жарқын әсер алып қайтады.

Бұл жолы қонақтар кинологтардың өздерін таң қалдырды. «Ұрпақ» жас журналистер үйірмесінің жас тілшілері экскурсия мен практикалық сабақты қатар алып жүрді. Олар бірнеше сұхбат алып, қызығушылықтарынан туындаған сұрақтарын жаудыртты. Тіпті, «кинология» (термин ежелгі гректің «кинос» - ит және «логос» - ғылым сөздерінен құралған) сөзінің шығу тегіне дейін сұрады. Балаларға, полиция жұмысында қандай иттердің тұқымдары пайдаланылатыны туралы әңгіме аздық етті, оларды неліктен осы тұқымдар таңдалғаны жайлы да қызықтырды.

Кинолог-полицейлер қызметте нерв жүйесі орнықты иттер бағаланатынын айтты. Неміс овчаркасы кең пайдаланылады, олардың мінездері жайлы әрі мықты. Сондай-ақ, неміс овчаркасы патрульдік жұмысқа да, із алу жұмысына да жақсы. Бірер күн бұрын Тимирязев ауданында белгісіз қылмыскер дүкеннің есігін сындырған, бірақ кіре алмаған. Іздестіру жұмысы қиын болды: дүкен есігінде барлық келушілердің иістері қалады. Инспектор-гинолог полиция аға лейтенанты Виктория Шахневич тек қаскөйдің иісі қалуы мүмкін жерді «анықтады». Неміс овчаркасы Айка тапсырманы ойдағыдай орындап, жедел-тергеу тобын күдіктінің үйіне алып келді. СҚО-дағы 47 қызметтік-іздестіру иттің 30-ы неміс овчаркасы.

Орыс спаниелі, лабрадор және т.б. аңшы иттері есірткінің ізіне бірден түскіш келеді. Бүгінгі күні СҚО-да есірткіге қарсы күресте төртаяқты – лабрадор Белла алда келе жатыр. Итті пайдалана отыра өткізілетін әр үшінші іс-шараға тартылып, 2 жылдың ішінде 11 қылмысты ашуға септігін тигізді. Осы орайда, қаңтар айының өзінде Солтүстік Қазақстан облысында 61 рет қызметтік-іздестіру иттері, оның 39-ы есірткі құралдарын іздестіруде пайдаланылды.
«Болашақ журналистерді мамандық таңдау мәселесі де толғандырды, - дейді СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығы бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Александр Анохин. – Біздің әр қызметкеріміз балалық шағынан итпен айналысқанды ұнатқан. Осындай кездесулер барысында балаларға заңды құрметтеумен қатар, бар тіршілік иесіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру».

Қаңтар айының өзінде 23 қала мектебінен 5-9 сыныпта оқитын 500-ден аса оқушы СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының жұмысын тамашалады.
СҚО ПД баспасөз қызметі