Солтүстікқазақстандық полицейлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжыммен тыңдады

Солтүстікқазақстандық полицейлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжыммен тыңдады

Солтүстікқазақстандық полицейлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдауға қатысты. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған бірқатар конституциялық жаңашылдықтарды белгіледі. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, заманауи есірткі қылмысына, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл – полицейлер осы жұмыс желісіне ерекше назар аударуы қажет.

Заманауи полицейлер қоғамдық және жол қауіпсіздігін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, қылмыскерлерге қарсы тұрып, қылмыстық істерді тергейді, сервистік жұмыс моделі форматында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді, мәдени өмірге белсенді араласады. Президенттің Жолдауы – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірінде бағыт-бағдар көрсетеді. Жүктелген міндеттер жергілікті орындарда адал әрі сапалы орындалмаса, алға басу мүмкін емес. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлі негізгілердің қатарында.

«Синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы іс-қимыл, нашақорлықтың, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ құқықтық тәртіпті сақтаудан бөлек, Мемлекет басшысы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды ескерту жұмысына назар аударды. Аталған тармақтармен қатар, тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – Полиция департаменті жеке құрамының қызметтік жұмысындағы негізгі басымдықтар болып табылады», - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдулдинов.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО