Петропавлдық полицейлер қайта бұзушылық жасаған «борышкердің» автомашинасын айып тұрағына қойды.

Петропавлдық полицейлер қайта бұзушылық жасаған «борышкердің» автомашинасын айып тұрағына қойды.

СҚО полицейлері 8 ақпаннан «Борышкер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Тәртіп сақшылары жол жүрісі ережелерін бұзғандарды, айыппұл төлемегендерді, сот шешімдерін орындаудан жалтарғандарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

«Борышкер» операциясының мақсаты – бұзушылық үшін бұлтартпастық принципін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, - дейді Әкімшілк полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. Облыс бойынша операцияға жеке құрамның 400 қызметкері жұмылдырылды. Сыртқы бақылау камералары сондай-ақ өткен жылдың соңынан деректер базасын біріктіру нәтижесінде шетелдік нөмірлерді анықтау қабілеті бар интеллектуалды бейнежүйелер пайдаланылады.

Жабаев-Строительный көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның рұқсат етілмеген сигналына өтіп кеткен ресейлік нөмірі бар «Jeely» автомашинасын басқарған 37 жасар петропавлдық тоқтатылды. Ол қыркүйек айында дәл осындай бұзушылық жасаған екен, оның үстіне айыппұлын төлемеген. Сондай-ақ, сақтандырусыз жүріп жүрген. Заңнаманы өрескел бұзғаны үшін автомашина арнайы тұраққа қойылды, бұзушыға қатысты ҚР ӘҚтК «Жол жүрісі ережелерін білуін тексеру» 53-б. қолданылады, оның талаптары бойынша бұзушының ЖЖЕ қайта емтихан тапсыруына тура келеді.

Жасұлан Оспановтың айтуынша, мақсатымыз бұзушылық үшін айыппұл өндіріп алу емес, бастысы – жолдағы жауапкершіліксіздікке жол бермей, көлік құралын тізгіндейтіндердің тәртібін арттыру. Негізінен, айыппұл төлемегендерді анықтауға назар аударылады. Іс-шара кезінде айыппұлын төлемеген 452 тұлға анықталды.

Петропавл тәртіп сақшылары айыппұлдарға және берешектерге қатысты мәселелер бойынша Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция білімінен 39-48-35 телефон нөмірі арқылы кеңес алуға болатындығын.

СҚО ПД баспасөз қызметі