ҚР Конституция күні

ҚР Конституция күні

Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында СҚО ПД аппаратының қызметкерлері СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастарды талдау бөлімінің бастығы Бағдад Мұқанованың дәрісін тыңдады. Тақырыбы: "Қазақстан Республикасының Конституциясы: тарихы және қазіргі заман". Диалог полиция қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық даярлау сабақтары аясында өтті.

Бағдад Сарсимбайқызы офицерлерге тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы еске салды. Полиция қызметкерлерінің әрқайсысы азаматтардың мемлекеттік саясатқа және мемлекет жүргізіп жатқан реформаларға қатынасын қалыптастыратыны атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамызда ҚР Конституция күні қарсаңында еліміздің негізгі Заңына арналған жиналыс барысында 17 полиция қызметкері, ардагерлер мен қоғам белсенділері марапатталды. Барлық мереке күндері тәртіп сақшылары күшейтілген тәртіпте қызмет атқаратын болады.

#ДеньКонституцииРК #КонституцияРК #30августа #КонституцияКүні
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚОПД #ДПСКО #СҚОполицейлері #полицейские_СКО