
Есепке алу-тіркеу тәртібін және заңдылықты нығайту ішкі істер органдары жұмысындағы басым бағыттарының біріне жатады, ал қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды шешу кезінде заңдылықты сақтау полицияның жұмысын бағалауды анықтайтын критериі болып табылады.
Құқық қорғау органдары алдында тұрған міндеттердің бірі келіп түскен шағымдарды, арыздарды толық және объективті есепке алу, азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады.
Құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, есепке алу және шешу кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау жөніндегі бөлімі жүзеге асырады.
Полицияның әрбір бөлінісінде, қала немесе аудан бөліністеріне қарамастан, көрінетін жерде толық ақпарат ала алатын, телефон нөмірлері көрсетілген азаматтардың өтініштерін қабылдау тәртібі орналасқан. Соған назар аударуларыңызды сұраймыз.
"Қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу тәртібін толығырақ түсіндірсек.
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы БП 2014 жылғы 19.09. № 89 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) рұқсаты бар лауазымды тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін, оны Арыздар мен хабарламаларды тіркеу кітабына (АЕК) тіркейді.
Қылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғалары кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдайды. Кезекші бөлімдер тәулік бойы қабылдауды жүзеге асырады.
АЕК тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат 24 сағат ішінде қарастыруға жатады.
Егер келіп түскен хабарламада қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, онда шағымданған адамнан бекітілген үлгіде арыз алынып СДТБТ тіркеледі және ол бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.
Егер АЕК-нда бекітілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат (ҚР ҚПК 180-бабы) Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептеріне сәйкес келмеген жағдайда, мынадай шешімнің біреуі қабылданады:
1) лауазымды адамның баянаты негізінде қараусыз қалдырылады және номенклатуралық істе (нарядта) сақталады;
2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жіберіледі.;
3) басқа негіздер болған кезде, әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды адамға) жолданады;
4) егер ақпаратты қарау өзге қылмыстық қудалау органының құзыретіне жататын болса, аумақтық тиесілігіне немесе ішкі ведомстволығына қарай жіберу туралы;
5) АЕК-на немесе СДТБТ-не қосу туралы (егер бұрын осыған ұқсас арыз тіркелген болса);
Қабылданған шешім туралы арыз авторына жазбаша жауап беріледі.
Оқиға туралы хабарлама ішкі істер органындарына жеке арызданушыдан қолма-қол, пошта, телефон, телеграф немесе электрондық үкімет порталы арқылы келіп түсуі мүмкін.
Арызданушы тікелей жүгінген кезде хабарлама ішкі істер органына түссе, бір мезгілде хабарлама тіркеліп, уәкілетті адам бекітілген Қағидаларға сәйкес нысанда бірегей нөмірден тұратын талон-хабарландыру береді. Сонымен қатар талонды арызданушыға тергеу-шұғыл тобы да, учаскелік полиция инспекторы да бере алады.
Арызданушы «талон-хабарландыру» алғаны үшін «талон-түбіртегінде» қол қояды, «талон-хабарландыру» алған күні мен уақытын жазады.
Талон-хабарлама екі бөліктен:
қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарлама түбіртегінен;
сондай-ақ арыз иесіне берілетін үзілмелі талон-хабарламадан тұрады.
Үзілмелі талон-хабарламаның артқы бөлігінде арыз иесі тиісінше ақпарат және арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефонын ала алатын Интернет-ресурс http://service.pravstat.kz, телефон нөмірлері: 1012 (SMS-сервисі), 8 800-080-7777 (стационарлықтан), 1414 (ұялыдан) көрсетіледі.
Қылмыстық істі жүргізуші тұлға, қылмыстық процестің қатысушыларына (күдікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушылар, азаматтық жауапкер, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері және өкілдері) хабарлау (хабарлама) қажет болғанда, СДТБТ АЖ SMS-құлақтандыру модуль мүмкіндігін 1414 бірыңғай нөмірі арқылы пайдалана алады.
"SMS-шақыруды жолдау" функциналы қылмыстық процестің қатысушысын нақты таңдаған кезде белсенділікке енеді.
Қылмыстық процеске қатысушының телефон нөмірі электронды нысанда болмаған жағдайда, қылмыстық процес қатысушысының ұялы телефонына және (болмаса) электрондық поштасына міндетті жолдарды толтыра отырып, SMS-шақыруды жолдау бойынша "Шақыру қағазы" функционалы пайдаланады.
Құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламалар мен өзге де ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, шешу кезінде азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзу мәселелері жөніндегі қосымша ақпаратты Сіз мына телефон нөмірлері бойынша ала аласыздар: 39-42-16, 39-42-14.
Егер Сіз полиция қызметкерлерінің арыздарды және ауызша не жазбаша өтініштерді тіркемеу фактілері немесе Сізге (сіздің туыстарыңызға) қатысты осындай әрекет орын алған жағдайда, аталған бұзушылықтар туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментіне жоғарыда көрсетілген телефондар бойынша сағат 10-нан сағат 18-ге дейін хабарлауыңызды сұраймыз немесе Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы көшесі, 70 мекенжайындағы 411-каб. жеке жүгінулеріңізге болады.
Біз аталған мәселелер бойынша Сіздің арыздарыңызды қарауға, білікті жауап беруге дайынбыз.
СҚО ПД Штабының бастығы полиция полковнигі Сәуле Андағұлова